Түсіндірме журналистикасы бойынша онлайн-тренингке тіркелу басталды

0
86

6-8 шілдеде Түсіндірме журналистикасы машығын дамытар қарқынды онлайн-тренинг өтеді. Тренингті AIR Academy ұйымдастырады. Қазақ және орыс тілдерінде болатын үш күндік тренингке журналистер, тәуелсіз авторлар мен Қазақстан медиасының өкілдері қатыса алады.

Адам күніне 12 000 хабарлама оқиды, көреді, тыңдайды. Бір экраннан екіншісіне ауысып, түрлі арнадан ақпарат алады. Тіпті бір мезгілде бірнеше арнадан ақпарат қабылдайды. Алайда барлық ақпарат бірдей шындыққа сай бола бермейді.

Қазақстанда бірінен соң бірі боп жатқан төтенше жағдайда жалған ақпаратқа төтеп беру үшін журналистер дер кезінде шынайы ақпарат беріп, ауқымды әрі әртараптанған аудиторияға жағдайды дұрыс түсіндіре алмай жатты.

ТМД-дағы түсіндірме журналистикасының ең үздік журналистері жұмысыңыз жақсырақ болуы үшін тәжірибелерін айтып, түрлі құралдарды таныстырып, пайдалануды үйретеді.

Тренерлері:

  • Александр Борзенко, Arzamas порталы бас редакторының орынбасары, 2014-2019 жж – Meduza басылымда «Разбор» бөлімінің жетекшісі.
  • Нина Назарова, BBC Russia қызметінің тілшісі. “Афиша”, “Горький”, “Meduza” басылымдарының редакторы болған.
  • Андрей Захаров, BBC Russia қызметінің тілшісі. Ең үздік журналистік тергеу материалы үшін «Золотое перо Петербурга» сыйлығын алған.
  • Вадим Борейко, журналист, жазушы, «ГиперБорей» youtube каналының авторы.
  • Мади Мамбетов, Vlast.kz, Esquire.kz, Manshuq.com интернет-басылымдарының колумнисі, TEDxAlmaty конференциясының спикері.

Егер сіз журналист, редактор, интернет басылым тілшісі немесе тәуелсіз автор болсаңыз, тренингке тіркеліп, түсіндірме журналистикасы құралдарын жұмысыңызда қолдана бастаңыз.

Форматы: Zoom сервисінде онлайн түрде екі тілде (қазақша және орысша) өтеді.

Тренинг мерзімі: 6-8 шілде күндері Алматы уақытымен сағат 13:00-ден 18:30-ға дейін.

Қатысу үшін сайттағы тіркеу формасын толтырып, әр сұраққа мұқият жауап беріңіз. Содан кейін поштаңызға шақырту хат келуін күтесіз.

Қатысу ақысы: тренинг аяқталған соң, 14 күн ішінде түсіндірме журналистикасының құралдарын пайдаланып, бір мақала дайындау керек.

Бұл жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асады.