Internews өкілдігі Қазақстан медиақауымдастығының өзекті мәселелерін шешуге бағытталатын жобаларды жүзеге асыруға арналған ашық грант байқауын жариялайды. Қазақстанда БАҚ-қа сенім деңгейін және журналист кәсібінің мәртебесін көтеретін үздік идеяларды қолдайды.
Қандай идея мен жобалар қолдауға ие болады? Идеяңыз бен жобаңыз мына аспектілерге негізделуі тиіс:
- медиақауымдастықтағы кәсіби ынтымақтастықты, өзін-өзі реттеу мен этиканы дамыту;
- медианың сапа стандарттарын ендіру және қолдау;
- медиа саласындағы өзін-өзі реттеудің балама тәсілдерін ендіру және қолдау;
- медиа арасындағы кәсіби байланысты дамыту, БАҚ-тың өз мүддесін қорғауына арналған тұрақты медиа қауымдастықтар құру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Қандай қызмет қолдауға ие болады?
- журналистердің кәсіби ынтымақтастығы, этикасы мен өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша дискуссиялар, білім беру және тағы басқа іс-шаралар өткізу;
- медианың кәсіби және кәсіпкерлік қауымдастық ретіндегі құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша заңнамалық бастамаларға қатысу;
- журналистердің және медианың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы үздік тәжірибелерді алмасу;
- журналистер мен медиамамандарға этика және өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша оқыту курстарын (онлайн мектеп, курстар) әзірлеу және ендіру;
- кәсіби журналистік ортада этикалық нормалар мен ережелерді дәріптеп, тарату.
Жобаларды іріктеу критерийлері: жоба идеясының анықталған қажеттіліктерге сәйкестігі, медианың жобаны жүзеге асыру процессіне қатысуы; жобаны жүзеге асырудың жаңашылдығы мен бірегейлігі, жобаны жүзеге асыру мерзімі мен жұмсалатын шығынның шындыққа сай болуы, нәтижесінің өлшенуі, кең көлемде қамтуы, жоғары эффект, алынған нәтижелердің тұрақтылығы.
Байқауға кімдер қатыса алады: ҮЕҰ, кәсіби медиақауымдастықтар, осындай жобаларды жүзеге асыруға жеткілікті тәжірибесі бар коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер.
Байқауға өтінішті 2020 жылғы 27 желтоқсан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін толтыру керек.
Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз. Келіп түскен сауалдар мен олардың жауаптары пікір ретінде kk.internews.kz және Newreporter.org сайттарында жарияланып отырады.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.