ГранттарInternews жарнама заңнамасынан хабардар болуды жетілдіретін жобаға серіктес іздейді

Internews жарнама заңнамасынан хабардар болуды жетілдіретін жобаға серіктес іздейді

Internews өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында

  • Қазақстандағы медиамамандардың жарнама заңнамасынан хабардар болуын жетілдіру,
  • медиа мен бизнес серіктестердің қарым-қатынасын нығайту,
  • медианың жарнама тарату каналы ретіндегі тартымдылығы мен тиімділігін арттыру,
  • БАҚ-тағы жарнама құқықтық реттеуді жақсарту

мақсатында серіктес таңдауға ашық конкурс жариялайды. 

Серіктеске ұсынарымыз:

  1. БАҚ-тағы жарнама қызметіне шектеулерді азайтуға мүмкіндіктері туралы жария талқылаулар ұйымдастыру; 
  2. Медиаменеджерлер мен медиазаңгерлердің жарнама заңнамасы талаптарынан хабардар болуын жетілдіру үшін вебинарлар не тренингтер өткізу;
  3. Медиада әлеуметтік жарнама орналастыру, белгілі бір өнімдер мен қызметтерді жарнамалау ережесін қоса алғанда жарнама заңнамасын жетілдіру бойынша кампаниялар өткізу;
  4. Мемлекеттік орган өкілдері, жарнама нарығы мен медиа саласы мамандарының Қазақстандағы жарнама заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс кездесулерін ұйымдастыру және өткізу. 

Жоба 2021 жылғы қыркүйек соңына дейін жүзеге асырылуы керек.

Арнайы комиссия келіп түскен ұсыныстарды бірнеше критерийлер: өтініш берушінің жарнама және медиа саласындағы тәжірибесі, заманауи медианарық жағдайында дамудың белсенді стратегиясы, медиа мүддесін қорғау үшін мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу стратегиясы, жоба нәтижелерінің ойластырылған көрсеткіштері, ақылға қонымды бюджет бойынша іріктейді. Жеңімпаздарды эл.пошта арқылы хабардар етеді. 

Өтінішті 2021 жылғы 11 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін толтыру қажет. 

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ. Ұйым туралы толығырақ: Қазақстандағы Internews өкілдігі 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи