ОқиғаларАзаматтық журналистер желісін құруға Internews гранттары байқауының қорытындысы

Азаматтық журналистер желісін құруға Internews гранттары байқауының қорытындысы

Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздарын іріктеу өтті. Байқауға барлығы 23: Қазақстаннан – 18, Тәжікстаннан – 5 өтініш келіп түсті. 

Қазақстан мен Тәжікстан медиасарапшыларынан құрылған халықаралық қазылар алқасы үміткерлерді мына 7 критерий бойынша бағалады: 

  • медианың тұрақтылығы;
  • азаматтық журналистермен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • сол медиада / сол аймақта компонент мақсаттарына жету тұрғысынан азаматтық журналистер желісін құрудың қажет екенін нақты негіздеу;
  • журналистерді оқыту тәжірибесі;
  • Internews-тің грант қолдауынсыз тұрақтылыққа жету жоспарының болуы;
  • азаматтық журналистерді оқытуға дайын болуы;
  • азаматтық журналистерді тарту және іріктеу бойынша нақты стратегиясы;

Жеңімпаздар тізімі:

Қазақстан

  • Minber АА
  • Петропавловск.news өңірлік сайты
  • Қостанай облысындағы «Наша газета» апталығы
  • Diapazon.kz
  • InAlmaty.kz
  • Ұйымдар коалициясы: “Қазақстан жастар ақпарат қызметі” қоғамдық қоры, “Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі, “Семей айнасы” ақпарат агенттігінің редакциясы

Тәжікстан 

  • Тәжікстан журналистік зерттеулер орталығы, «Сугднюс» АА
  • «Азия-Плюс» АА
  • «Пайванд» ТРК

Жеңімпаздарға жоба аясында мынадай қолдау көрсетіледі: 

  • азаматтық журналистер желісі үйлестірушісін қаржылай қолдау;
  • бастапқы кезеңде желі қатысушыларының гонорарын төлеуге грант;
  • құрылған желі үйлестірушілеріне қашықтан тәлім беру;

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз:

Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org

Грант туралы сұрақ-жауапты мына парақтан табасыз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи