Қазақстанда «Азаматтық журналистер» жобасына қатысуға өтініш қабылдау басталды

0
2398

2021 жылы MediaCAMP бағдарламасы аясында «Азаматтық журналистер» жобасының үшінші кезеңі өтеді. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Тәжікстандағы тәуелсіз медианың азаматтық журналистер желісін құруына және дамытуына көмектесу.

Әр елден ең көбі алты медиаұйымды қолдаймыз.

Жоба аясында мынадай көмек беріледі:

  • Азаматтық журналистер желісінің үйлестірушісін қаржылай қолдау;
  • Бастапқы кезеңде желі қатысушыларының гонорарын төлеуге грант;
  • Құрылған желі үйлестірушілеріне қашықтан тәлімгер болу;
  • Желі қатысушыларын қашықтан оқыту;

Байқауға Қазақстан мен Тәжікстандағы мемлекеттік емес медиа ұйымдар, дәлірегі өз азаматтық журналистер желісін құрып, оны дамытып және медиаресурсының тақырып ауқымын кеңейтуге мүдделі мемлекеттік емес медиа қатыса алады.

2021 жылғы жобада қатысушылардың әріптестігін нығайту және бірлескен медиабастамалар, медиажобалар жасауына баса назар аударады. Осы бағытқа сай идеяңыз болса, негіздеме хатта жазыңыз.

Екі жыл ішінде Қазақстан мен Тәжікстандағы 22 медиа көптеген елдімекендер мен аймақтардан түрлі хикаялар, идеялар мен авторлар тауып, бірегей мүмкіндікке ие болды.

Екатерина Назаренко, Петропавловск.ньюс, «Азаматтық журналистер» жобасының қатысушысы, Петропавл, Қазақстан:

— Редакция азаматтық журналистердің арқасында ауылдағы мәселелерді қозғай алады. Мұндай тақырыптар аудиториясына дөп түседі, өйткені жұртшылықты мазалайтын мәселелерді жария етеді. Азаматтық журналистер өмірі туралы айтып береді. Мен редактор ретінде тарқата жазып, жариялауға болатын тақырыптарды көремін.

Ольга Колоколова, азаматтық журналистер тәлімгері, «Наша газета» ng.kz, «Азаматтық журналистер» жобасының қатысушысы, Қостанай, Қазақстан:

— Азаматтық журналистер материалының өтімділігі, әсері өте жоғары екені шабыттандырады. Олардың көзқарасының шынайылығы, журналистік қызметтен шаршамағаны басылым беделімен түйісіп, еселене түседі.

Хуршед Атовулло, «СугдНьюс» басылымының бас редакторы, «Азаматтық журналистер» жобасының қатысушысы, Душанбе, Тәжікстан:

— Тәжікстанның солтүстігіндегі Айнын ауданындағы 2,5 км биікте орналасқан Ягноб елдімекенін көз алдыңызға елестетіңізші. Қыста қалың қар түсіп, жолдар 6 айға жабылып, қарым-қатынас үзіледі. Біз төменде отырып, сонау биіктегі жұрт қалай өмір сүріп жатқанын білмейміз. Тәжікстанда мұндай жер көп. Міне, сондықтан да сондай жерден азаматтық журналистерді іздейміз.

Махпора Киромова, азаматтық журналистер тәлімгері, «Азия-Плюс» медиатобы, Душанбе, Тәжікстан:

— Өтініш берушілердің көбі «Неліктен азаматтық журналист болғыңыз келеді» деген сауалға Тәжікстанда бірдеңені өзгертіп, елдегі мәселелерді шешкісі келетінін жазған. Демек, жұртшылық журналисті «бірдеңе өзгерте алатын адам» деп біледі, адамдар сөз құдіретіне сенеді.

2019-2020 жылғы қатысушылар туралы мына мақаладан және мына мақаладан оқуға болады.

Қалай өтінім беруге болады?
1. Негіздеме хат жазып, сіздің медиа «Азаматтық журналистер» жобасына неліктен қатысуы керек екеніне жауап беріңіз.
2. 2020 жылдың 14 желтоқсаны, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін онлайн-форманы толтырыңыз.

Internews 2020 жылдың 21 желтоқсанынан кешіктірмей шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы хабарламаны өтініш берушілердің электронды поштасына 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін жібереді.

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз:
Қазақстан: [email protected]
Тәжікстан: [email protected]

Грант туралы сұрақтарға жауапты мына парақтан табасыз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.