Байқаулар2020-2021 жылдары MediaCAMP аясында контент жасауға екі есе көп қаржы бөлінеді

2020-2021 жылдары MediaCAMP аясында контент жасауға екі есе көп қаржы бөлінеді

Орталық Азиядағы Internews өкілдігі MediaCAMP жобасы аясында 2020 жылдың соңы және 2021 жылдың басында контент өндірісі жобаларын қолдауға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, жұмыс форматын өзгертеді.

Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы медиа көбірек сапалы контент: телебағдарламалар, арнайы репортаждар, деректі фильмдер, лонгридтер, подкастілер, уеб-деректі фильмдер, мультимедиалы хикаялар, зерттеулер, әлеуметтік желілерде жобалар жасағанын қалаймыз. Медиа түрлі алаңқайда, түрлі форматта, заманауи құралдарды қолданып, аудиторияны қатыстыра отырып, ел өмірінің ең өзекті қырларын, мәселелері, жетістіктері мен кейіпкерлері туралы кәсіби тұрғыдан әңгімелегенін, баяндағанын қолдаймыз.

Біздің команда контент өндірісі процесін ыңғайлы, қызметтестікті тиімді ету үшін жұмыс форматын өзгертіп, жобаларды бірнеше топқа бөлу туралы шешім қабылдады:

  • Ұзақмерзімді жобаларға арналған «Ірі грант» байқауы
  • Қысқамерзімді жобаларға арналған «Шағын грант» байқауы. Бұл формат «Шағын грант. I кезең» және «Шағын грант. II кезең» деп екіге бөлінеді.

«Ірі грант» байқауы

Байқау циклді, жүйелі, тұрақты, ұзақмерзімді мәнге ие, үлкен де «ұзақ» жобаларға арналған. Бұған не жатады? Мәселен:

  • Әлеуметтік желілерде медиа жасау немесе медианың ішінен арнайы айдар ашу, телешоу жасау;
  • өте маңызды мәселеге арналған циклді материалдар жасау (форматтары, жанрлары, тақырыптары алуан түрлі болуы мүмкін)
  • деректі фильм (арнайы репортажбен шатастыруға болмайды)

Мұндай жоба қанша уақытқа созылады? 6 айдан 12 айға дейін жалғасады, бірақ 2021 жылдың соңында аяқталуы керек.

Кімдер қатыса алады? Қазақстан мен Тәжікстанның тәжірибелі командаларынан өтініш қабылданады. Командалардың қалыптасқан базасы, жақсы идеясы болуы шарт, аудиторияны қатыстыра білуі, ұзақмерзімді тұрақтылыққа бағытталған болуы керек. Мемлекеттік емес медиа, онлайн-басылымдар, газеттер, продакшен-студиялар немесе тәуелсіз авторлар командасы (журналистер, блогерлер) қатыса алады. Телекомпаниялар мен кәсіби кинодокументалистер осы байқауға ерекше назар аударса екен.

«Ірі грант» байқауының хабарландыруы 2020 жылдың қарашасында Internews сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларында бөлек жарияланады. Хабарландыруда шарттары мен бюджеті егжей-тегжейлі жазылады.

«Ірі грант» аясында еларалық жобаларды қолдау (Қазақстан және/немесе Тәжікстан, және/немесе Өзбекстандағы авторлардың бірлесіп, контент жасауы) мүмкіндігі бар. Егер аймақтық жоба немесе осы аталған екі елге арналған жоба идеяңыз болса, өтініш бермес бұрын мына поштаға жазуыңызды өтінеміз: production.mediacamp@gmail.com.

«Шағын грант» байқауы

Шағын жобаларға бір лонгрид немесе мақалалар сериясын, бір не бірнеше арнайы репортаж (соның ішінде видео), немесе бірнеше ролик (кез келген формат, жанр, тақырыпта болуы мүмкін) жатады.

Мұндай жобалар қанша уақытқа созылады? Бір айдан алты айға дейін созылады.

Кімдер қатыса алады? Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы мемлекеттік емес медиа, онлайн-басылымдар, телекомпаниялар, радиостанциялар, продакшен-студиялар немесе тәуелсіз авторлар (журналистер, блогерлер) қатыса алады.

«Шағын грант» байқауын екі рет өткіземіз:

қарашаның соңы – желтоқсан басы, 2020 жыл (I кезең)

2021 жылдың басы (II кезең).

«Ірі грант» және «Шағын грант» байқаулары – екі бөлек байқау. Әр байқау туралы егжей-тегжейлі мәліметті жеке-жеке жариялаймыз. Newreporter.org, Internews.kz, Media.tj сайттары және әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздағы жаңалықтарымызды қарай жүріңіз.

Нақтылайтын сұрақтарыңыз болса, production.mediacamp@gmail.com эл.поштасына жазыңыз. Хат тақырыбын сұрағына қарай, мысалы: «Ірі грант» байқауы бойынша сұрақ» немесе «Еларалық жоба бойынша сұрақ» деп, көрсеткеніңіз жөн.

Орталық Азиядағы Internews командасы отандық контент өндірісін екі жыл қатарынан қолдап келеді. Осы уақытта медиа, редакциялар, блогерлер, тәуелсіз журналистер 65-тен астам жоба жасады. 3000-ға жуық материал (мақалалар, лонгридтер, подкастілер, уеб-сериалдар, деректі фильмдер және т.б.) дайындалды. Бұл материалдарды 20 миллионға жуық оқылып, көрді, тыңдады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи