Оқиғалар«Ең ұнағаны - фактчекинг сабақтары болды». Студенттерге арналған Медиақұқық мектебі қалай өтті?

«Ең ұнағаны – фактчекинг сабақтары болды». Студенттерге арналған Медиақұқық мектебі қалай өтті?

2021 жылғы сәуір-мамырда студент-заңгерлерге арналған Медиақұқық көктемгі мектебі өтті. Екінші рет өткізілген мектепті «Құқықтық медиа-орталық» ұйымдастырды. Марафон мақсаты — студенттердің медиа заңнамаларға қызығушылығын ояту. Медиақұқық марафоны дегеніміз — халықаралық және қазақстандық сарапшылардың ақпаратқа қол жеткізу, интернет бостандығы, диффамация даулары, авторлық құқық, медиадағы балалар құқығын қорғау, жеке бас мәліметтерін қорғау және тағы басқа салалар бойынша онлайн-лекциялар циклі.

Қатысуға 135 өтініш түсті. Арасынан 37 қатысушы іріктелді. Сарапшылар ретінде «Құқықтық медиа-орталық» қызметкерлері Диана Окремова мен Гүлмира Біржанова, Қазақстандағы Internews өкілдігінің заңгері Ольга Диденко, БАҚ құқықтарын қорғау орталығының (Воронеж) заңгері Светлана Кузеванова, Factcheck. Academy жасаушысы Павел Банников, адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқықтар бойынша тәуелсіз консультант Татьяна Чернобиль, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Анна Гусарова шақырылды.

Марафонда бес адам жеңіске жетті. Барлық жеңімпаз жобасын іске асыруға грант қаржысын алды. Жобаларды 2021 жылғы тамызға дейін іске асыруы керек. «Жаңа репортер» екі қатысушыдан медиақұқық марафонына қатысу тәжірибесін сұрады.

Жандарбек Сұлтан

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің 23 жастағы студенті Жандарбек Сұлтанның сөзінше, ол белсенді әлеуметтік ұстанымы бар, басқаларға көмектесуді жаны сүйетін, адамдармен танысып, олардың айналада болып жатқан оқиғаларға көзқарасын білгісі келетін адам.

— Заңгер — ең алдымен құқыққорғаушы. Медиақұқық марафонының сілтемесін досым жіберді. Марафон ұнады. Алған білімімізді нығайту үшін әр сабақтан кейін көп тест тапсырмаларын орындадық. Павел Банниковтың фактчекинг сабағы өте қатты ұнады. Кез келген ақпаратты тез әрі оңай табу, фейк па, емес пе, соны тексеру машықтарын үйрендім, — дейді болашақ заңгер.

 

Жандарбек Сұлтанның презентациясынан үзінді

— Менің жобам «Сіз білесіз бе?» / «А знаете ли вы?». YouTube-та «Что если?» деген ғылыми танымдық канал бар. Арнаның жариялаған видеосын үзбей қараймын, пікір жазып, қандай тақырыпта видео көргім келетінін айтамын. Instagram мен TikTok-та қазақ және орыс тілдерінде соған ұқсас контент жасағым келеді, — деді Жандарбек.

Карина Альпаева

Сүлейман Демирел университетінің 21 жастағы студенті Карина Альпаева да өзі туралы және алдағы жоспарын айтып берді.

— Бала күнінмен әділеттілікті жаным қалайтын. Заңгер болғым келетін. Медиақұқық марафоны өтетінін оқытушымнан естідім. Бағдарламасы қызықтырып, қатысуға өтініш жібердім. Марафонның барлық дәрісі пайдалы. Спикерлер сот және журналистикадағы тәжірибесінен шын оқиғаларды мысалға келтіреді. Ғадауат тілін тану туралы дәрісті ерекше атап өткім келеді. Бұл тақырыпта көптеген қалтарыс-бұлтарыс баршылық.

— Менің жобам журналистік қызметтің кейбір құқықтық қырларын иллюстрация түрінде бейнелейді, — деді студент.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи