Гранттар«Медиа және мәслихаттар: қоғам пайдасына екі тараптың өзара қарым-қатынасы мен тиімді коммуникацияларын...

«Медиа және мәслихаттар: қоғам пайдасына екі тараптың өзара қарым-қатынасы мен тиімді коммуникацияларын дамыту» грант байқауы басталды

MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында Internews өкілдігі «Медиа және мәслихаттар: қоғам пайдасы үшін екі тараптың өзара қарым-қатынасы мен тиімді коммуникацияларын дамыту» грант байқауын жариялайды.

Internews өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында медиа мен мәслихаттардың өзара қарым-қатынасын және журналистер, депутаттар мен сайлаушылар коммуникациясын жақсартуға бағытталған жобаны жүзеге асыратын серіктес іздейді. Серіктесіміз медиа қоғамдық ұйым болуы керек. 

Қазақстандықтар 2021 жылы дауыс беріп, нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жергілікті бюджетті қалыптастыруға қатысатын 2000-нан астам мәслихат депутатын сайлады. 

Жоба мәслихаттардың БАҚ-пен өзара қарым-қатынас жасау бойынша практикалық мүмкіндіктерін жақсартып, олардың жұмысын айқын әрі ашық етуге көмектеседі, деп сенеміз. 

Серіктеске ұсынатынымыз: 

  1. баспасөз хатшылары мен қалалық/облыстық мәслихаттардың ақпаратына қол жеткізуге уәкілетті тұлғаларға арнап тиімді коммуникациялар, БАҚ-пен қарым-қатынас, ақпаратқа қол жеткізу механизмдері бойынша оқыту шараларын әзірлеу және өткізу;
  2. Қалалық және облыстық мәслихат депутаттарының әлеуметтік желілерде сайлаушылармен, журналистермен, БАҚ-пен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас жасау бойынша коммуникация машығын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
  3. Қалалық және облыстық мәслихаттардың ашықтығын, айқындылығы мен есептілігін көтеруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу. 

Қазылар алқасы келіп түскен ұсыныстарды бірнеше критерий бойынша, атап айтқанда өтініш берушінің парламентаризмді дамыту және медиа саласында кемі 3 жыл тәжірибесі болуына, жобаны жүзеге асыру жоспарына және ақылға қонымды бюджетіне қарайды. 

Байқауға өтінішті 23 шілде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін толтыру қажет.

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org поштасына хат жазыңыз. 

Бұл жоба  АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи