Internews өкілдігі медиа редакторларын, SMM бөлімінің жетекшілері мен мамандарын әлеуметтік желілерде жұмыс істеу және контентін таныту тренингіне қатысуға шақырады. Бес күндік интенсив курс Қазақстан мен Тәжікстаннан қызығушыларға арналады.
Әлеуметтік медиа маркетингінің негізгі құралдары туралы айтып, контекст жарнама мен әлеуметтік желілерде болудың бірін таңдауға көмектесеміз. Үйренген машықтарымызды тренингке қатысатын медиа редакцияларының нақты мысалына сүйене отырып іс жүзінде қолданамыз.
Интенсив сабақта мына ұғымдар туралы біліп, қажет машықтарды үйренесіз:
- SEO және SMM дегеніміз не;
- Танымал әлеуметтік желілерде болудың ерекшеліктері қандай;
- Facebook-те бизнес-парақшаны қалай жүргізеді;
- Контент-жоспарды қалай жасайды, компания туралы жаңалықтарды қайдан алуға болады;
- Әлеуметтік желілерде қалай қарым-қатынас жасаймыз;
- Бюджетті қалай есептейді және жарнама кампаниясын неден бастайды?
Курсты бастамас бұрын:
- Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне тіркелуіңіз,
- Мәтін, фотосурет, видео жариялауды білуіңіз керек.
Өтетін уақыты: 13-19 қыркүйек аралығында болады, қыркүйектің соңына дейін ментор қолдауына сүйеніп, жеке кеңес аласыз.
Форматы: онлайн, күнделікті кешкі уақытта 2-3 сағат сабақ.
Оқыту тілі: орысша.
Тренингке қатысу үшін 2021 жылғы 23 тамызға дейін онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына «SMM тренингі бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.