ОқиғаларMediaCAMP Award 2021 байқауының финалистері анықталды 

MediaCAMP Award 2021 байқауының финалистері анықталды 

III MediaCAMP Award аймақтық байқауының финалына Орталық Азиядан 91 журналист, блогер, фотограф пен карикатурашы өтті. 

Байқауға аймақтағы бес елден барлығы 700-ге жуық өтініш келіп түсті. Бұл — байқау тарихындағы рекорд көрсеткіш. 2020 жылы 350 материал, ал 2019 жылы 470 материал ұсынылды.

Биыл байқау құрылымын сәл өзгерттік. Барлығы алты номинация бар (бұрын бес номинация болатын). Номинация атаулары мен концепциясы да өзгерді. 

  1. «Жастар уақыты». Журналистикаға енді келген, медиада жұмыс істегеніне 2 жыл толмаған жас журналистерге/авторларға арналған номинация.
  2. «Уақыт тынысы». Қоғамдағы өзекті мәселені қозғап, жауап іздеп, уақыт тынысын көрсететін материалдарға арналған номинация.
  3. «Жеңімпаздар уақыты». Қиыншылыққа мойымаған, басқаларға жәрдемдескен адамдар туралы материалдарға арналған номинация.
  4. «Жасампаздар уақыты». Жетістікке жеткен жасампаз адамдар туралы материалдарға арналған номинация.
  5. «Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі». Жыл тақырыбы әр байқауда өзгеріп отырады. 2021 жылдың тақырыбы: COVID-19 және осы пандемия кезеңінде індетпен күрескен адамдар. 
  6. «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация». Қоғамдағы түрлі мәселелерді, оқиғаларды бейнелейтін фотосурет, карикатура, инфографика, коллаж, басқа да визуал материалдар.

Негізгі бес номинацияға материалдар қабылдау 2021 жылғы 8 шілдеде аяқталды. Байқау ұйымдастырушылары әуелі техникалық іріктеу жүргізіп, байқау шартына сай келмейтін материалдар алынып тасталды:

  • Байқауға ұсынылған материал 2020 жылдың 1 маусымынан 2021 жылдың 20 мамыры аралығында жариялануы керек;
  • Бір автор бір материалын тек бір номинацияға ұсынуына болады;
  • Байқауға шетелдік медиада жұмыс істейтін журналист, яғни Орталық Азия аумағынан тыс (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) жерде тіркелген және бас кеңсесі осы республикалардан басқа мемлекеттерде орналасқан медиа өкілі қатыса алмайды. Сонымен қатар мұндай медиада жарық көрген материалдар да қабылданбайды

Байқау шарттарына сай келетін өтініштер байқаудың бірінші кезеңіне жіберілді. Материалдарды Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстандағы ұлттық комиссия жеке-жеке қарады. Ең жоғары ұпай жинаған материалдар келесі кезең — аймақтық кезеңге өтті.  

Осындай іріктеуден кейін бес елдің әрқайсысынан MediaCAMP Award 2021 байқауының финалистері анықталды:

Қазақстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Арай Жауперова, «”Өзімді қылмыскер сезіндім”: үкімет тыйым салған жұмыста істеп жүрген әйел хикаясы» (Masa.media).
  2. Наргиза Ерес, Қуаныш Жұбандықов пен Ясемин Озер, «Балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық проблемасы» (Gazhaiyp медиажобасы).
  3. Руслан Жұбаныш пен Құндыз Мәжитова, «Жанайқай».

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Джамиля Маричева, Анастасия Яцун мен Екатерина Волкова, «Как всё устроено в KZ» Instagram-жобасы
  2. Айсұлу Тойшыбекова, «”Проснулся, надо искать”: как казахстанцы подсаживаются на мефедрон» мақаласы (HOLA News интернет-басылымында жарияланған).
  3. Мият Кәшібай, «Әкімдік мәліметі ресми дерекке қайшы: Шымкент наурызға қанша қаржы бөлді?» зерттеуі (Qazaq Times).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Әйгерім Бегімбет, «6 жасар баласымен 4 жыл құлдықта болған» лонгриді
  2. Сәби Байбосынов, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары туралы деректі фильмі («Хабар» телеарнасы).
  3. Ғалия Токарева, «Апа» материалы, («Хабар 24» телеарнасы)

 «Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Данель Ходжаева, Қазақстанда ым-ишара тіліндегі видеоны кімдер жасайды материалы (Steppe басылымы).
  2. Айжан Мадиходжаева, «Женщина, твоё место — лаборатория!» материалы (Peremena Media).
  3. Назгүл Әбжікенова, баласы бар жалғыз әйелдерді, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен сотталғандарды жұмысқа орналастыратын кәсіпкер туралы хикая, («Караван» газеті).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Ардак Букеева мен Алма Омарова, «Высший пилотаж» материалы (Forbes Kazakhstan).
  2. Вадим Борейко, «Один с пятью детьми. Их маму забрал COVID-19» видеосы, («Гиперборей» YouTube-арнасы).
  3. Нұрсұлтан Мықтыбаев, «Карантин кезіндегі боямасыз картиналар» хикаялар циклі (Kyzylorda-news.kz).

Қырғызстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Наргиза Анарбайқызы, қыз алып қашу туралы лонгридтер (T-media.kg).
  2. Асқарбек Мырзабеков, алтын өндіретін мафия туралы зерттеуі ( Kloop басылымы).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Нұржамал Жәнібекова, Тілек Бейшеналыұлы мен Азат Рузиев, «Смог убивает нас» материалы («Башта» Instagram-жобасы).
  2. Анна Капушенко мен Савия Хасанова, «Я бы всё равно её убил» мақаласы, (Kloop басылымы).
  3. Александра Титова, Рустам Халимов, Саадат Тологонова мен Айдай Иргебаева, Қырғызстан билігіне қызмет ететін фейктер фабрикасы туралы зерттеу, (Kloop).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Мақсатбек Осмоналиев, «Девочка и ослик. Дорога в школу с Фатимой» фоторепортажы (Kloop).
  2. Марина Мирошник, «Сабина, живущая с ВИЧ» материалы, Kaktus интернет-басылымында жарияланған. 
  3. Бермет Уланова, «Выпускница детдома, мать-одиночка с инвалидностью: спасибо людям, но не государству» хикаясы (Kaktus).

 «Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Құтманбек Маматазимов, «Тең дүйнө» деректі фильмі («5 арна).
  2. Азат Рузиев, Тілек Бейшеналыұлы мен Нұржамал Жәнібекова, Оштан шыққан бизнес-ханым хикаясы, («Башта» Instagram-жобасы).
  3. Марина Мирошник, «”Жаным-баклажаным”. Как Кундуз делает людей счастливыми… с помощью носков» материалы, (Kaktus).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Тілек Бейшеналив, Азат Рузиев пен Нұржамал Жәнібекова, пандемия кезеңіндегі адамдар өмірі туралы шағын деректі фильм («Башта»).
  2. Арген Бақтыбекұлы, «Уроки COVID-19: волонтёры» материалы.
  3. Татьяна Кудрявцева мен Мария Орлова, биліктің коронавирус өршуіне әкеліп соққан үш қатесі туралы материалы, (24.kg).

Тәжікстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Ашрафджон Умаров, Кремний алқабында оқуға 350 мың доллар грант алған тұңғыш тәжік әйелінің хикаясы, (Asia Plus басылымы).
  2. Анна Мифтахова. «Ему более 500 лет, о нём сложено множество легенд и живёт оно в Худжанде» материалы (Asia Plus).
  3. Исматулло Абдуллоев, «Ваҳдат: Духтарон ба мактаб намераванд» видеосы («Фараж»).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Фаридун Холбоев, «Мушкилоти хатмкунандагони мактаб-интернати нобиноёни шаҳри Ҳисор» подкасты (тәуелсіз журналист).
  2. Далер Имомалӣ, «Сулҳ мир тынчтык» фильмі (режиссёр).
  3. Дилошӯб Орифзода, «Шуроб» деректі фильмі (режиссёр).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Гульнора Амиршоева, «Дом, где живёт незабытая боль» мультимедиа жобасы, («Вечёрка» медиакомпаниясы).
  2. Мижгона Халимова, азаматтығынан айырылып қалған адамдар хикаясы (Your.tj басылымы).
  3. Алия Хамидуллина, «”Это твои дочери, не мои”. Как живут таджикские многодетные семьи, в которых родились только девочки» материалы (Asia Plus).

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Далер Имомалӣ, «Монополия дар театри Конибодом “Theatre Podcast”» сұхбаты (режиссёр).
  2. Фируза Мирджумаева, қажылыққа жинаған ақшасын ел игілігіне жұмсаған зейнеткерлер хикаясы («Диёр» телерадиокомпаниясы).
  3. Фарзона Ҳодибоева,  «Шахрванди хоричие, ки ба Точикистон дил бастааст» материалы («Азия» телерадиокомпаниясы).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Муллораджаб Юсуфзода пен Масхаб Джумаев, 2020 жылы төрт мың тәжікстандықтың неден қайтыс болғанын анықтаған материал, (Asia Plus). 
  2. Алия Хамидуллина, «Врачи Таджикистана — герои 2020 года» материалы (Asia Plus).
  3. Фарзона Ҳодибоева, «Маблағ надорем: зиндагии мардуми кӯҳистон бидуни сайёҳони хориҷӣ вазнин шудааст» материалы (Your.tj үшін).

Түркіменстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Seýitguly Geldiýew, «Nal» материалы (Turkmenistan газеті).
  2. Шахимердан Сары Оглы, «Раскаяние» материалын ұсынған («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Елена Владимирова, леопардтің мазасы болмағанын әңгімелейтін мақала («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Инна Бурова, «Сотрудничество во имя мира и доверия» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  2. Елена Кузоваткина, «Непреходящая ценность национального наследия» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Лариса Фомина, дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы туралы мақала («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Aýmyrat Pirjikow, «Ak pagtam — ak bagtym» мақаласы (Turkmenistan газеті).
  2. Gylyçmyrat Gurbanow, «Belentligiň binýady (hekaya)» мақаласы (Nesil газеті).
  3. Ягмур Кулиев, бағбаншылық туралы әңгіме («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Елена Кузоваткина, «Молодые таланты — будущее культуры страны» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  2. Елена Жигунова, «Мастер и его скакуны» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Зейнаб Агамамедова, «Селекция — работа на будущее» мақаласы («Нейтральный Туркменистан» газеті).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі»

  1. Инна Бурова, бейбітшілік пен өркендеу жолындағы стратегиялық әріптестік туралы мақала («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  2. Алты Алтыев, салауатты өмір салтын ұстанудың алғашқы қадамы туралы материал, («Нейтральный Туркменистан» газеті).
  3. Aýsenem Nurlyýewa, «Saglygly goraýyş: täze tejriberler» мақаласы (Turkmenistan газеті). 

Өзбекстан

«Жастар уақыты» номинациясы

  1. Аббос Салайдинов. «Иккиламчи бозордаги автомобилни харидор номига расмийлаштириш нега бунча қиммат?» мақаласы (Kun.uz басылымы).
  2. Normuhammadali Abdurakhmonov, «55 yillik sir. Toshkent zilzilasi uyushtirilganmi?» видеосы (Human.uz басылымы).
  3. Санжар Шомуродов, «Дунё янги уруш арафасида…» материалы (Xabar.uz басылымы).

«Уақыт тынысы» номинациясы

  1. Gulira’no Musayeva, «Nahotki boricha qabul qilish shunchalar imkonsiz?» материалы (Daryo.uz басылымы).
  2. Мустаҳкам Тангриёрова, «Тупроқ қазиб, тупроқлар остида қолган болам» мақаласы (Daryo.uz басылымы).
  3. Толиб Раҳматов, «Фирибгарлик 2 баробарга кўпайди. Сабаб нима?» материалы (Kun.uz басылымы).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

  1. Константин Башлаев, ерекше жандар туралы хикая (UzNews.uz басылымы).
  2. Барно Икрамова, Зиёдахон Икрамова, Наргиза Азимова, Мадо Михманова пен Жахонгир Тохиров, ВИЧ жұқтырған адамдар туралы «ANATOMICÁ» жобасы
  3. Тимур Юлдашев, «Мен мухтожман, менга кўмак беринг» материалы (Nuqtainazar.uz басылымы).

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

  1. Рамиль Исламов, «Акмаль Нур: “Начинаешь подстраиваться — искусству конец”» портреті («Hill» журналы).
  2. Наргиза Умарова, «Илмий стартаплар нега керак?» мақаласы («Оила даврасида» газеті).
  3. Жасурбек Абдурахмонов, «Аввал сочиқ тиккан аёл ҳозир сенатор» сюжеті (Mening yurtim проект, MY5 TV).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

  1. Рухсора Гафурова, «Zangiotadagi maxsus shifoxona davolovchilari qanday sharoitda ishlashmoqda?» видеосы (ZamonUz).
  2. Муножатхон Юлдашева, коронавирус бизнеске қалай ықпал еткені туралы материалдар циклі
  3. Feruza Najmiddinova, «Koronavirus O‘zbekistondan qachon daf bo‘ladi? So‘z Alisher Shodmonovga» материалы (Qalampir.uz басылымы). 

Финалистердің бәрі өзара бәсекеге түсіп жатыр. Олардың материалы аймақтық қазылар алқасының бағалауына жіберілді. Қазылар алқасында алты адам, яғни контент өндірісі мен медиа жұмысынан хабардар тәуелсіз медиасарапшы бар. Қазылар алқасының төрағасы — Internews өкілі. 

«Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» ерекше номинациясына өтініштер 2021 жылғы 31 шілдеге дейін қабылданды. Биыл номинация форматы өзгеріп, фотосуреттен бөлек, карикатура, коллаж, иллюстрациялар да қабылданды. «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясына ұсынылған суреттер де техникалық іріктеуден өтеді. Бір айырмашылығы — қазылар алқасының қарауына жіберілмейді. Фестиваліміздің сайтына жарияланып, аудитория онлайн дауыс береді. Ең көп лайк жинаған материал авторы «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясының жеңімпазы атанады. Қазір фотосурет, карикатура мен иллюстрацияларға дауыс беру жүріп жатыр. 2021 жылғы 11 қыркүйекте түн жарымда дауыс беру тоқтатылады. Финалға өткен суреттерді сайттан қарап, дауыс беріңіз. 

Барлық номинация жеңімпаздары 12 қыркүйек — MediaCAMP Fest 2021 фестивалінің жабылу салтанатында жарияланып, марапатталады. 

Биылғы MediaCAMP Fest журналистика фестивалінің де бағдарламасы өте қызық әрі кәсіби тұрғыдан пайдалы болмақ. Фестиваль спикерлері мен шақырылған сарапшылар туралы толығырақ ақпарат ресми сайтта жарияланған. Фестивалге қатысу үшін дереу тіркеліңіз

Байқау үйлестірушілері финалистерді құттықтайды. Қазір оларға хабарласып, фестивалдің арнайы қатысушы болуға шақырту жіберіп жатыр. 

Финалған өтпей қалған өтініш берушілерге уақыт бөліп, үздік материалдарын ұсынып, журналистикаға үлесі үшін Internews атынан алғыс айтамыз.

— Үміт үзбеңіз. Келесі байқауға міндетті түрде өтініш жіберіңіз. Қысқа тізімге өтіп, жеңімпаз атануыңыз әбден мүмкін. Биылғы финалистер қатарында бұған дейін де байқауға материал ұсынып, бірақ жүлделі орынға ие болғандар қатарынан көріне алмаған әріптестеріміз бар. Бәсеке де күшті болып отыр. Бес елден барлығы 700 өтініш келіп түсті. Авторлар келер 2022 жылы тағы да көптеген мықты материал ұсынатынына сенеміз. Байқауды қалай күтсек, соған өтініштерді де тағатсыздана күтеміз».

Былтырғы MediaCAMP Award 2020 жеңімпаздарын мына сілтемеге өтіп, ал 2019 жылғы байқау жеңімпаздарын мына сілтемені ашып көре аласыз. 

MediaCAMP Award 2021 байқауы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады. Internews туралы: әлемдегіҚазақстандағыҚырғызстандағыТәжікстандағы өкілдіктері.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи