HomeОқиғалар«“Бюрократия” жобасы түрлі қызметтерді оңай әрі тез алуды тәптіштеп түсіндіреді» — Бауыржан Мұқанов
Оқиғалар«“Бюрократия” жобасы түрлі қызметтерді оңай әрі тез алуды тәптіштеп түсіндіреді» — Бауыржан Мұқанов

«“Бюрократия” жобасы түрлі қызметтерді оңай әрі тез алуды тәптіштеп түсіндіреді» — Бауыржан Мұқанов

Naryk.kz бас редакторы Бауыржан Мұқанов Қазақстандағы Internews өкілдігінің «Шағын грант. Қысқы маусым-2021» байқауына қатысып, шәкіртақы жеңіп алды. «Бюрократия» жобасы аясында кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары, қор биржасына қатысу, зейнетақы жинағын пайдалану және жеңілдетілген 4%-дық несиемен автокөлік алу туралы мақалалар жариялады. Оқырмандар түсіндірмелі журналистика жанрындағы материалдарды WhatsApp-топтарда жиі бөлісіпті.

Бауыржан Мұқанов Internews өкілдігі контент өндірісіне берілетін гранттар байқауын ұйымдастырып жатқанын ұйымның Facebook-парақшасынан біліпті. Ол бұған дейін де түсіндірмелі журналистика жанрында түрлі мақала жариялаған екен. Байқау туралы білгенде көптен ойда жүрген идеясы — жұртшылықтың құқықтық сауатын арттыруға арналған мақалалар жариялауды ұсыныпты.

— Бұл жобаны жасаудағы мақсатым — халықтың заңнамалық сауатын арттыру, құқықтары мен міндеттерін таныстыру, өзіне тиесілі мемлекеттік қызметті алу, бюрократиялық пробламаларды шешу жолдарын көрсету болды. Яғни мемлекеттік қызметтерді пайдалану, қажет құжат, анықтамаларды қысқа уақытта оңай әрі шығындалмай алу жолдарын көрсету. Қайда барып, қандай құжат жинау керек екенін тәптіштеп түсіндіру. Азаматтар өзіне тиесілі қызмет пен өнімді тез және әбігерге түспей алуына жәрдемдесу, — дейді Бауыржан Мұқанов.

«Бюрократия» жобасы аясында төрт мақала жарық көрді.

  1. «Даму» бағдарламаларының толық тізімі. Салалар мен өңірлер бойынша
  2. «Астана» биржасынан (AIX) қалай акция сатып алуға болады?
  3. Зейнетақы шотындағы ақшаға үй алу. Қалай алып, қалай төлейміз?
  4. Жеңілдетілген 4%-дық несиемен көлік алу жолдары

«Мақалаларымды оқырман өте жақсы қабылдады. Бұған қаралым саны дәлел. Қаралымның өсуіне сол кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселелер де себеп болуы мүмкін. Оқырмандарды қатты қызықтырып, көп талқыланғаны — 4 пайыздық автонесие туралы мақала болған сияқты. Осы мақалаға реакция да көп болды. WhatsApp-топтарда жиі таралды».

Түсіндірмелі журналистиканың қиын тұсы — тақырып төңірегінде туындайтын барлық сұраққа толымды жауап алу. Кейде бір сұрақтың жауабын бірнеше тараптан іздеуге тура келеді. Түсіндірмелі журналистика материалы нұсқаулыққа ұқсайды, сондықтан нақтылық пен жинақылықты талап етеді.

— Ең қиыны — кейбір ньюанстарды анықтау болды. Мәселен, зейнетақы қорындағы ақшаны алып, үйдің қарызын жапқаннан кейін сол үйді сатуға болатын-болмайтынын нақтылау қиын болды. Анықтама орталығындағы операторлар түсінікті жауап бермеді. Ұзақ ізденіп, бірнеше рет тексеруге туралы келді. Десе де жобаны орындаудан үлкен сабақ алдым. Мәселен, мақалаларымның вижуалы әлсіз болуы себепті оқырман қызығушылығын арттыру қиындық тудырды. Көптеген оқырман тұтас мәтін емес, вижуал контент іздейтіні белгілі. Тағы бір түсінгенім, сайтымыздың әлеуметтік желі парақшалары жақсы жұмыс істесе, оқырман саны бұдан да көп болар еді. Әсіресе, Instagram-парақша мен Telegram каналдың болмауы біраз оқырманнан айырды. Мұнда топ болып жұмыс істеу керек. Үшіншіден, материалдарымның мазмұны ақпараттық сипатта болғанын байқадым. Бұған нақты жоспарым әлсіз болуы себеп шығар. Дегенмен, түсіндірмелі формат үлкен сұранысқа ие екеніне күмәнім жоқ. Алдағы уақытта осы форматты жетілдіріп, түрлі саланың кәсіби мамандары және тәуелсіз сарапшылар пікірімен толықтырып, проблеманың бар-жоғына үңіліп, шешу жолдарын қамтитын материалдар жариялау керек, деген қорытынды жасадым. Айтқанымдай, фотовидео, графикалық контентсіз мақала әлсіз шығады екен. Ал әлеуметтік желілерде тарату-таныту жұмыстарына жете мән беріп, мұны баса назарда ұстау керек екенін ұқтым, — дейді Бауыржан Мұқанов.

Айтуынша, «Бюрократия» жобасы naryk.kz сайтына үлкен көмек болыпты. Автор алдағы уақытта «Бюрократия» айдарының идеясы негізінде сайттың «Қаржылық сауат» айдарына ұқсас материалдар жариялап тұрмақ.

***

Айтпақшы, «Ірі грант 2021» контент өндірісіне гранттар байқауына өтініш қабылдау басталды. 2022 жылдың басында «Шағын грант. Қысқы маусым» және «DOC формат» байқауларына өтініш қабылданады. Internews ұйымы 2021-2022 жылдары контент өндірісін қалай қолдайтынын мына мақаладан білесіз. Internews in Kazakhstan Facebook-парақшамыз бен Instagram-парақшамыздағы және сайтымыздағы хабарландыруларды қарай жүріңіз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Internews жүзеге асыратын MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img