Internews өкілдігі 2022 жылғы 10 ақпан күні сағат 17:00-де ашық вебинар өткізеді. Вебинарда «Теплица социальных технологий» жобасының жетекшісі Алексей Сидоренко (Ресей) медиа мен қоғамдық ұйымдар арасындағы коммуникацияның тиімді стратегиялары туралы айтады.
Медиа мен қоғамдық ұйымдар бірігіп жасайтын ерекше әрі аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобаларға идеяны қайдан қалай табуға болады, редакция мен қоғамдық ұйымдар арасында ұзақмерзімді, табысты серіктестікті қалай орнатады және мұның қандай пайдасы бар? Мінеки, спикер вебинарда осы және тағы басқа сұрақтарға жауап береді. Нәтижеге жеткізер стратегиялар мен түрлі мысалдарды талқылаймыз.
«Теплица социальных технологий» – Ресейдің коммерциялық емес секторын ақпараттық технологиялар көмегімен күшті әрі тәуелсіз етуді мақсат тұтқан білім беру жобасы.
Вебинар Internews ұйымының аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған медиажобаларды грант қолдауы аясында өтеді.
Грант байқауы туралы мына хабарландыруда егжей-тегжейлі жазылған.
Вебинар Zoom платформасында болады, қазақ және тәжік тілдеріне синхронды аударма жасалады.
Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.