БайқауларОрталық Азиядағы Зерттеу журналистикасы мектебіне қабылдау басталды

Орталық Азиядағы Зерттеу журналистикасы мектебіне қабылдау басталды

Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында Зерттеу журналистикасы мектебін өткізеді. Бұған Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы БАҚ журналистері, блогерлер, азаматтық журналистер қатыса алады.

Зерттеу журналистикасы мектебі қашан өтеді?
2022 жылғы 16-20 мамыр күндері Алматыда офлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз.

Іс-шара орыс тілінде болады.
Өйткені Зерттеу журналистикасы мектебінде Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан қатысушылары оқиды. Сондықтан іс-шара өтетін тіл ретінде орыс тілі таңдалды, басқа тілдерге аударма жасалмайды.

Зерттеу журналистикасы мектебі кімдерге арналған?
Мектеп Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда журналистік зерттеумен айналысып жүрген, бірақ кәсіби машығы аз, соны жетілдіргісі келетін журналистерге, блогерлер мен азаматтық журналистерге арналған. Сондай-ақ, журналистік тәжірибесі бар, десе де жаңа нәрсені игеріп, қажет жанрда жұмыс істеуді үйренгісі келетін адамдар да қатыса алады.

Назар аударыңыз: Егер сіз 2020 және 2021 жылғы Зерттеу журналистикасы қатыссаңыз, онда өкінішке қарай, 2022 жылғы мектепке қатыса алмайсыз. Аталған үш елдің журналистері, блогерлері мен азаматтық журналистерін осы мектепте оқуға шақырамыз.

Зерттеу журналистикасы мектебіне қалай қатысуға болады?
Биыл іріктеуге Қазақстаннан өтініш берушілер ғана қатысады. Өйткені былтыр, яғни 2021 жылы карантин шектеулеріне байланысты Өзбекстан мен Тәжікстан қатысушылары Зерттеу журналистикасы мектебіне келе алмады. Олар енді биыл келіп, оқиды.

Мектепте оқу үшін журналистік зерттеумен айналысатын БАҚ журналисі, блогер не азаматтық журналист болуы керек. Онлайн-өтініш толтырасыз. Байқау комиссиясы әр өтінішті мұқият қарайды.

Таңдалған қатысушылардың ұшып келу-кету, жатын орын шығынын ұйымдастырушылар өтейді.

Өтініш қанша уақыт қаралады?
2022 жылғы 11 сәуір, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін өтініш қабылданады. Қатысушыларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Байқау комиссиясы бірінші турда өтініштерді қарап, қандай шешім қабылдағанын 2022 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей хабарлайды. Қатысушылар келесі кезеңге жазбаша шақырту алады.

Өтініштерді іріктеу критерийі қандай?
Барлық өтініш мұқият қаралып, мына критерийлер бойынша таңдалады: қатысушының журналистік зерттеу жанры бойынша тәжірибесі, БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялаған материалдары, болашақта зерттейтін тақырыптары, оқып-үйренуге ынтасы.

Іріктеуден кейін не болады?
Ақтық іріктеуден кейін қатысушылар Алматыда өтетін Зерттеу журналистикасы мектебіне шақырту алады. Ең қызық зерттеу тақырыптары тәлімгерлер командасының қолдауына ие болады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи