Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында халықаралық оқу сапарын (стади-тур) ұйымдастыруға тендер жариялады. 2022 жылғы 10 шілдеге дейін өтініш қабылданады.
Орталық Азияның медиа саласы заңнама мен іс-тәжірибе, соның ішінде билік органдары, қоғам және БАҚ арасындағы коммуникация тұрғысынан көп өзгеріске ұшырап жатыр. Коммуникацияның үздік тәжірибесі мен әдістемесін ендіру және жұртшылықтың БАҚ пен мемлекеттік басқаруға сенім деңгейін арттыру бойынша үздік мүмкіндіктерді, технологияларды енгізу үшін атқарушы билік органы (баспасөз хатшылары) мен БАҚ өкілдерінің өзара ақпарат алмасу саласындағы халықаралық тәжірибелерді оқып-үйренуіне көмектесеміз.
Осы мақсатқа жету үшін Қазақстандағы атқарушы билік органдары (баспасөз хатшылары) мен БАҚ өкілдерінің Шығыс Еуропа және Балтық елдеріне стади-турын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қолдаймыз.
Стади-турдың міндеттері:
- Мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы өзара тиімді іс-қимыл жасау және заңнаманы, қоғаммен коммуникацияны қамтамасыз етуді зерттеп, оқып-үйрену;
- Журналистер мен баспасөз хатшыларының кәсіби қауымдастықтарымен кездесіп, мемлекеттік басқару органдарының қызметін БАҚ-та жариялау машықтарын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу;
- Журналистер мен мемлекеттік орган баспасөз хатшыларының жұмысына этикалық стандарттарды әзірлеу және ендіру бойынша озық тәжірибені үйрену.
Шығыс Еуропа, Балтық елдері, Қазақстанда жұмыс істейтін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды тендерге қатысуға шақырамыз.
Мына өтініш берушілер басымдыққа ие болады:
- оқыту іс-шараларын, сондай-ақ стади-турларды сәтті ұйымдастыру тәжірибесі;
- Шығыс Еуропа мен Балтық елдерінің кәсіби медиақауымдастықтарымен өзара іс-қимыл жасау және жұмыс істеу тәжірибесін растайтын хаты мен рекомендациясы бар.
Техникалық тапсырма
Сенім деңгейін көтеру, digital ортада коммуникация жасауға арналған заманауи тиімді құралдарды қолдану үшін мемлекеттік органдар баспасөз қызметінің БАҚ-пен, қоғамдық институттармен, халықпен өзара іс-қимыл тәжірибесін оқып-үйрену мақсатында Қазақстан делегациясының Шығыс Еуропа не Балтық елдеріне стади-турын ұйымдастыру.
ТАМЫЗ, 2022: Қазақстандағы мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі мен медиа өкілдерінен стади-турға баратын 8 қатысушы таңдау;
ҚЫРКҮЙЕК, 2022: Шығыс Еуропа мен Балтық елдеріне стади-тур ұйымдастыру. Сапар аясында тәжірибе алмасу үшін түрлі кездесулер өткізу, атап айтқанда:
– қабылдаушы елдердегі биліктің барлық тармағының орталық және жергілікті органдарында орталық және жергілікті деңгейдегі кездесу;
– болашақ баспасөз хатшылары мен журналистерді дайындау бойынша білім беру жүйесін зерттеу үшін академиялық ұйымдармен кездесу;
– ақпарат жөніндегі уәкілетті өкілдермен немесе консультанттармен, комиссарлармен, сондай-ақ PR, коммуникация, медиа саласындағы кәсіби қауымдастықтар, ұйымдармен кездесулер өткізу.
ҚАЗАН, 2022: Стади-турдың бағдарлама және қаржылық есептерін тапсыру.
Қалай өтініш береді?
Осы сілтемені ашып, жоба өтінімі мен жоба бюджеті парағын қараңыз.
Жоба өтініші мен бюджет парағын толтырып, kz-info@internews.org эл.поштасына 2022 жылғы 10 шілде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін жіберіңіз. Хат тақырыбына «Стади-тур ұйымдастыруға тендер» деп көрсетіңіз.
Қажет болған жағдайда тағы қосымша ақпарат сұратамыз. Қандай да бір сұрақ туындаса, +7 (727) 355 95 85 телефон нөміріне хабарласып, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.