«Үздік азаматтық журналист 2022» байқауының жеңімпаздары анықталды

0
967

Internews ұйымы жүзеге асырып жатқан «Азаматтық журналистер» жобасы бойынша ішкі байқаудың қорытындысы 2022 жылғы 7 қыркүйекте шықты.

Бұл — жабық байқау, тек азаматтық журналистер қатысады. Олар материалын байқауға жолдайды, сосын қайсысын үздік санаса, соған өздері дауыс береді. Үшінші рет өтіп жатқан байқаудың биылғы ерекшелегі — төрт тілде, яғни қазақ, тәжік, өзбек және орыс тілдерінде материал қабылданды.

Азаматтық журналистер Қадрият (Таджикистан)

Байқауда бес номинация бар:

«Қысым жасаса да мойымаймыз» (түпнұсқа атауы — «Нас бьют, мы летаем»)
Азаматтық журналист қысымға ұшыраса да, журналистің кәсіби құқықтары бұзылуына тап болса да еш мойымай, жауапкершілік арқалап жариялаған материалға (не материалдар топтамасына) беріледі.

«Өзгеріс лебі» (түпнұсқа атауы — «Ветер перемен»)
Әлеуметтік желілерде, қоғамда резонанс тудырып, ірі медианың назарын аудартқан және жалпыға жария болғаннан кейін мәселені шешуге талпыныс жасалған не көмек беруге ұласқан материал (материалдар топтамасы)

«Біз біргеміз» (түпнұсқа атауы — «Мы вместе»)
Жаһандық мәселелер, соның ішінде COVID-19, Украинадағы соғыс, азық-түлік күрт қымбаттауы адам өмірін қалай өзгертіп, адамдар бұл қиындықтарға қарсы тұру үшін бірігіп жатқанын көрсететін материал.

«Жаңа бетбұрыс» (түпнұсқа атауы — «Новый поворот»)
Медианы дамытуға (тақырып, формат, серіктестік орнату және тағы басқа жағынан) жаңа мүмкіндіктер ашқан материал (материалдар топтамасы)

Media Hero
Кейіпкері бар, мәтін мен фото-видео форматында дайындалған материалдар.

Азаматтық журналистер, jom.tj

Дмитрий Ким, жоба кураторы:

— Азаматтық журналистер өзін халықаралық байқаудағы қазылар алқасының мүшесі ретінде сезініп, сынап көруі үшін осы байқауды ұйымдастырдық. Бұл сынақты да еңсеріп, тәжірибе жинадық, қиын да жауапты миссияны орындадық.

Тәржімалағанда қаламаның қуаты мен сөз шеберлігі әлсірейді, бірақ бұл байқауға ұсынылған материалды бағалаудың бір критерийі. Бұдан бөлек, тақырып маңыздылығы, тақырыпты ашу, мәселеге бойлай білу, түсіну, материал құрылымы, материалды ұсыну, кейіпкерлерге деген эмпатия, сарапшылардың тақырыпқа сай келуі және тағы басқа критерийлер де бар.

2022 жылы азаматтық журналистер байқауға 24 материал жіберді. Барлығы да Қазақстан мен Тәжікстанның шалғай елдімекендерінен жолданған бірегей материал.

Дауыс беру нәтижесінде 11 жеңімпаз анықталды:

Media Hero номинациясы

  1. Наҷибулло Валиев, ҶОМ — Ҷавонон Ояндаи Миллат (Тәжікстан). 45 жастағы етікшінің өмірінен сыр шертетін фильм. Етікші Бохтарда 20 жылдан бері аяқ киім тігіп, нәпақысын тауып келеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін көршісінен етік тігуді үйренген.
  2. Абдусамад Аминов, ҶОМ — Ҷавонон Ояндаи Миллат (Тәжікстан). Шынар ауылында тұратын 14 жасар ерекше қыздың өмірін таныстыратын мақала. Қыз жүре алмайды, хаяти кәсібін (киім тігу) игерген. Күнкөрісікәсібі.
  3. Фарангиз Баҳодурзода, Қадрият (Тәжікстан). Көлік жүргізіп, табыс табатын әйел хикаясы.

«Жаңа бетбұрыс» номинациясы

  1. Жұлдыз Ақтанжанова, «Мінбер» ақпарат агенттігі (Қазақстан). Жұлдыз «Мінбер» порталының «жаңа бетбұрысы» атанды. Ол журналист ғана емес, қоғам белсендісі ретінде де танылды. Өзі жазған мақаласындағы кейіпкерлердің мәселесін шешуге атсалысып, мемлекеттік органдарға жүгініп, заңнаманы өзгертуді ұсынды.
  2. Қуат Керей, elitar.kz ақпараттық-сараптамалық порталы (Қазақстан). Қуат жүріп-тұру мүмкіндігі шектелген адамдардың мәселесіне сериялы материал арнап, жан-жақты ашып көрсетті. Қуаттың бір материалын сілтемеге өтіп, оқи аласыз.

«Біз біргеміз» номинациясы

  1. Гулназар Бозоров, SugdNews (Тәжікстан). Күнделікті қажет азық-түлік бағасы өсіп, халықтың қалтасы жұқарып, тұрмысы нашарлап бара жатқанын баяндайтын мақала.
  2. Аружан Смағұлова, Tilshi.kz ақпарат агенттігі (Қазақстан). Ақтөбені қоқыстан тазартып, қала экологиясын жақсартуға үлес қосып жүрген ақтөбелік жас еріктілер экоқозғалысы туралы репортаж.

«Өзгеріс лебі» номинациясы

  1. Мукаддас Хомидджонова, SugdNews (Тәжікстан). Тәжікстандағы мұғалім жетіспейтіні туралы мақала. Бұл мәселе өте өзекті, өйткені мұғалімдер жұмысын тастап, шетелге кетіп жатыр. Бұған мұғалім айлығының күнкөріске жетпеуі себеп.
  2. Тілектес Ақылбекұлы, «Мінбер» ақпарат агенттігі (Қазақстан). Екі елдің ортасында «қалып қойған» адамдар туралы мақала. Олар кезінде Моңғолиядан Қазақстанға қоныс аударып, кейін түрлі себептерге байланысты Моңғолияға кері оралған. Енді қазір әлеуметтік көмектен қағылып, медициналық көмекке жүгіне алмайды, білім алуға да жол жабық. Материал жарияланғаннан кейін Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі 57 бала мен ата-анасының құжатын ҚР Президенті әкімшілігіне жіберді. Ал Моңғолиядағы қоғамдық қор төрағасы Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығына ашық хат жолдады.

«Қысым жасаса да мойымаймыз» номинациясы

  1. Жұлдыз Ақтанжанова, «Мінбер» ақпарат агенттігі (Қазақстан). Жұлдыз Аягөздегі жатақханадан шығарылып, далада қалған адамдар туралы мақалалар сериясын жариялады.
  2. Асылан Смағұлов, elitar.kz ақпараттық-сараптамалық порталы (Қазақстан). Белсенді қарағандылықтардың Ботаникалық бақты қалаға қайтару талпынысын баяндайтын материал.
Азаматтық журналистер jom.tj

Байқауда медианың кураторлары да үздік азаматтық журналистерді атап өтті.

«Куратор таңдауы» номинациясының жеңімпаздары:

  1. SugdNews (Тәжікстан)
    Александр Владимирович Воронцов
  2. Қадрият (Тәжікстан)
    Хулкарой Джиянбоева
  3. Elitar.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
    Қуат Керей
  4. Tilshi.kz ақпарат агенттігі (Қазақстан)
    Аружан Смағұлова
  5. «Мінбер» ақпарат агенттігі (Қазақстан)
    Жұлдыз Ақтанжанова
Азаматтық журналистер Қадрият (Тәжікстан)

Төрт жылда «Азаматтық журналистер» жобасына Қазақстан мен Тәжікстаннан 25 редакция қатысты. Серіктестер 220-ға жуық азаматтық журналисті редакцияға тартып, олар екі елдің түрлі өңірінен 1270-ден астам репортаж дайындап, жариялады.

«Азаматтық журналистер» жобасы қалай жұмыс істейтінін мына мақаладан оқуға болады. Азаматтық журналистер туралы толығырақ мына топтамадан табасыз.

«Азаматтық журналистер» жобасы Қазақстан мен Тәжікстандағы қоғамдық ұйым, медиа редакцияларымен серіктестік орнатып, өзара жұмыс істеуге дайын. Жобаны жүзеге асыру тәжірибесі не жобаға қатысу жайы қызықтырса, asukhachyova@internews.org немесе lgaisina@internews.org эл.поштасына хат жазып, хабарласыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.