Байқаулар«Шағын грант — 2023» контент өндірісі байқауына өтініш қабылдау басталды

«Шағын грант — 2023» контент өндірісі байқауына өтініш қабылдау басталды

«Шағын грант — 2023» байқауының мақсаты – шағын құрамдағы авторлар тобының қысқа уақыт ішінде сапалы контент жасауын қолдау. 

Назар аударыңыз! Бұл – 2022-2023 жылдары MediaCAMP продакшен-жобалары бойынша өтетін жалғыз байқау. «Ірі грант» және «DOC формат» байқаулары жарияланбайды. 

«Шағын грант» байқауына қандай форматтағы жоба ұсынуға болады?

  • дәстүрлі форматтағы жобалар: арнайы репортаж, видеостори, видеосұхбат, сараптамалық телебағдарлама, caption-видео, мақала, лоңрид және т.б.
  • эксперименталды форматтағы контент жобалар: әлеуметтік желілерде арт-кампания, виртуал театр қойылымдары, көркемсурет көрмелері мен фотокөрмелер.

Контент жасаудың заманауи әдіс-тәсілдерін ойланыңыз. Бәлкім, интерактив карта не таймлайн, виртуал музей не 3D-стори форматындағы жоба ойлап табасыз.

Сондай-ақ, офлайн-форматтағы жоба ұсынуыңызға болады. Мәселен, көшеде перформанс ұйымдастыру. Алайда ескеретін бір шарт – кез келген мұндай жобаның контенті болуы керек. 

Сонымен қатар, медианың аудитория әлеуетін арттыруға, аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған стратегия мен құралдарды қолданатын жобалар да қаржылай қолдау алады. Қазақстандағы мұндай жобаларға қосымша қаржыландыру алуға болады, бірақ Өзбекстанда қаржыландыру қарастырылмаған. 

Ескерту: егер сіз Өзбекстаннан өтініш берсеңіз не аудитория әлеуетін арттыруға, аудитория ауқымын ұлғайтуға қызықпасаңыз, онда алдағы бөлімді өткізіп жіберіңіз. 

Медианың аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар дегеніміз не?

Медиа айналасынан қауымдастық құруға, қолданушылармен екі жақты тиімді коммуникация орнатуға бағытталған офлайн және онлайн іс-шаралар. 

Бұған мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі топтар, ток-шоу, сауалнама, байқаулар, қайырымдылық жасау ісін ұйымдастыратын қоғамдық топтармен жұмыс, лекциялар, волонтерлік іс-шаралар өткізу және т. с. с. жатады. Медиа аудиториясымен бірге қандай жобалар жасайтыны жөнінде толығырақ мына мақаладан оқи аласыз. 

Медианың аудитория ауқымын ұлғайтуын қаржыландыру екі түрлі болмақ:

  • қосымша, яғни «Шағын грант — 2023» байқауының жеңімпазына контент әзірлеуі үшін берілетін сомаға қосып беру;
  • ұсынылған жоба компонент критерийлеріне сәйкес келсе, жеке бюджет бөліп, қаржыландыру.

Өтініш берушінің аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған онлайн және офлайн іс-шаралар өткізу бойынша тәжірибесі болуы шарт. Жобаны орындау мерзімі 4 айдан аспауы керек. Мұндай жобаға қаржылай қолдау алатын медиаға Internews тәлімгер ұсынады. 

Медиа аудитория ауқымын ұлғайту стратегиясы мен құралдарын жақсы меңгеруі үшін Internews екі рет кездесу: 2022 жылғы 2 және 11 қарашада, ұйымдастырып, қауымдастық құруға арналған тиімді құралдарды таныстырып, сәтті жүзеге асқан жобалар туралы айтады. Мұндай инфосессияға қатысу үшін осы сілтемені ашып, тіркелу керек.  

«Шағын грант» байқауына қандай тақырып ұсынуға болады?

Жоба тақырыптары еркін, өзіңізге маңызды әрі қызық боп көрінген кез келген тақырыпты ұсына аласыз. Дегенмен, материалдың әлеуметтік мәні және әлемге айтары болуы керек. Бәлкім, аудиторияңызға үлкен экономика олардың күнделікті өміріне қалай әсер ететіні, көші-қонның беймәлім тұстары, пластик заттарды утилдеу мәселесі не зейнет жасындағы адамдардың балама өмір салтын білу әрі қызық әрі қажет шығар. Сізді алаңдататын, қызықтыратын тақырып таңдаңыз!

Асықпаңыз, аптықпаңыз, әбден ойланыңыз. Бәлкім, медиада әлі жарияланбаған беймәлім оқиға не мәселе ойға оралып, жоба идеясына айналар. 

Біз жас журналистердің идеясы мен жастарға арнаған форматтарды қуана-қуана қарастырамыз. 

Тақырып пен жанрды қалай дұрыс таңдаймыз?

Бірге брейнстрормиң жасауға шақырамыз. 2 қараша, Алматы уақытымен сағат 16:00-де Қазақстаннан өтініш берушілерге арнап фасилитация сессиясын өткіземіз. Идеяңызды талқылап, қалай жетілдіре түсуге болатынын бірге ойланып, пысықтаймыз. 

Ми қозғар, ой салар сессияға қатысу үшін сілтемені ашып, тіркеліп алыңыз. 

«Шағын грант» аясындағы жоба қанша уақытқа созылады?

1 айдан 6 айға дейін. 

Жобалар 2023 жылғы 31 шілдеге дейін аяқталуы керек. Бұл жолы жобаны аяқтау мерзімін ұзартуға мүлде болмайды. 

Өтініште жүзеге асыру мерзімі осы уақыт шегінен асып кеткен жобалар техникалық іріктеуден өтпейді.  

«Шағын грант» байқауына кімдер қатыса алады?

Мемлекеттік емес жергілікті медиа, онлайн басылымдар, газет-журнал (контентін жариялайтын интернет ресурсы бар болса), шағын телекомпаниялар, радиостанциялар, продакшен-студиялар, тәуелсіз авторлар, журналистер, блогерлер, суретшілер, белсенділер және басқа да шығармашылық топтар қатыса алады. Жұмысын енді бастаған командалар да қатыса алады, бірақ пысықталған идеясы болуын, аудиториясы мен оның сұранысын түсінуі қажет.

Ескерту: Қазақстаннан өтініш берушілердің өтініш жіберген кезден есептегенде кемі жарты жылдан бері жұмыс істеп тұрған заңды тұлға нысаны (ЖШС, ЖК, қоғамдық қор немесе басқа) болуы міндетті. 

Өзбекстанда жай авторлар да өтініш бере алады.

«Шағын грант — 2023» аясында бір жоба мына сомаға дейін қаржылай қолдау ала алады:

  • Қазақстанда — 2 (екі) миллион теңгеден 7 (жеті) миллион теңгеге дейін.
  • Өзбекстанда — 5 000 долларға дейін.

Мәлімделген бюджет ақылға қонымды, нақты және негізделген болуы керек, егер бюджет сомасы жоғары шектен асып кетсе, онда сол өтініш қаралмайды. Өтініш беруші жоба бюджетінде лицензиялы бағдарлама, мультимедиа құралдары мен контент өндірісіне қажет жабдық сатып алу, консультанттар тарту, сондай-ақ, медианың аудитория ауқымын ұлғайтуға жұмсалатын тағы басқа шығындарын көрсете алады. 

Байқауға қалай қатысуға болады?

Идеяңыз жазылған өтініш беруіңіз керек. 

Байқауға өтініш қабылдаудың соңғы күні — 2022 жылғы 20 қараша (ел астанасы уақытымен сағат 23:59-ға дейін).

Біз идеяларды онлайн-өтініш түрінде ғана қабылдаймыз. Бұл жолы жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін жақсы қамтамасыз ететін жаңа гранттық платформа арқылы өтініш қабылдап жатырмыз. Қатысу үшін тіркелуіңіз қажет (интерфейсі ағылшын және орыс тілдерінде). Тіркелу барысында жарамды эл.поштаңызды көрсетіңіз, өйткені барлық хабарландыруды сол эл.поштаға жібереміз. Google аккаунтыңыз арқылы да тіркелуге болады.

Тіркелгеннен кейін еліңізді және бағдарламаның бірін таңдаңыз: «Шағын грант» немесе «Шағын грант + аудитория әлеуетін арттыру». Өтінішті қазақ тілінде толтыруға болады. 

Растамас бұрын өтінішті өңдеуге және басқа бағдарламаны таңдауға болады. Өтінішіңізді алуымыз үшін «Подать заявку» жасыл батырмасын шертіңіз. 

Платформаға тіркелу, өтініш толтыру бойынша қандай бір сұрағыңыз болса, мына эл.поштаға хат жазыңыз: konalbayev@internews.org

БАЙҚАУҒА ӨТІНІШ ЖІБЕРУ

Байқауға ұсынылған идеяларды қалай іріктейді?

1 кезең — идеялар ұсыну

Идеяңызды онлайн-өтініште жазып (контент өндірісіне де, аудитория ауқымын ұлғайтуға да арналған өтініш), ұсынасыз. Бір команда бірнеше идея ұсына алады, бірақ үшеуден аспайды (техникалық іріктеуден тек біреуі өтеді). Әр жобаға жеке өтініш толтырып, жіберу қажет.

2 кезең — техникалық іріктеу

Өтініштерді техникалық іріктеуден өтіңіз. Әр жоба байқау критерийлеріне сай қаралады. Егер өтініш келесі кезеңге өтсе, онда эл.поштаңызға хабарландыру хат келеді.

3 кезең — идеяларды таныстыру

Питчингке қатысыңыз. Іріктелген жоба авторлары презентация жасауға шақырылады. Идеясын кез келген формада таныстыруына 10-15 минут уақыт беріліп, тәуелсіз комиссияға жобасының өзектілігін және жүзеге асыруға болатынын дәлелдейді.

Комиссия контент-жобаларды қаржыландыру бойынша түпкілікті шешімді мына критерийлер негізінде қабылдайды:

  • идея мен формат бірегейлігі;
  • мақсатты аудиториясын түсінуі;
  • дайын өнім қандай болатынын көре білуі;
  • ақылға қонымды бюджет.

Сондай-ақ, жобаңыздың және/немесе медианың тұрақтылығын да ескереді. Өтініш толтырғанда, тұрақтылығын қалай қамтамасыз ететініңізде де жазған жөн. 

Байқау жеңімпаздарының тізімі 2022 жылғы желтоқсанда жарияланады.

4 кезең — құжаттарды пысықтау және ресімдеу

Жобаңыз байқауда жеңіске жетсе, эл.поштаңызға хат-хабар аласыз. Содан кейін қаржыландыруға қажет құжаттарды ресімдеуге уақыт береді. Жобаны жүзеге асыру келісімшартқа қол қойылғаннан кейін басталады. Internews командасы жоба идеясы мен бюджетін пысықтау (тәкелсіз комиссияның ұсынысына сәйкес) бойынша бірге жұмыс істейді. Қажет құжаттар болмаса не уақытылы ұсынбаған жағдайда жобаны қолдаудан бас тартуы мүмкін. 

«Шағын грант» байқауына нақты қандай жобалар сай келмейді?

Internews бұл байқау аясында мемлекеттік және мемлекеттік ұйымдармен байланысы бар медиаға қолдау көрсетпейді, сондай—ақ сайт жасау және ілгерілету, көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер, музыкалық клиптер мен білім беру контенті өндірісін қолдамайды. «Шағын грант» байқауына институционалды қолдау және деректі фильм идеялары бойынша өтініштер қабылданбайды.

Тағы еске саламыз, назар аударыңыз! MediaCAMP 2023 жылы отандық контент өндірісіне «Шағын грант» аясында ғана қолдау көрсетеді, «Ірі грант» және «DOC формат» байқаулары өткізілмейді. 

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, біздің эл.поштаға хат жазыңыз. Хат тақырыбына «»Шағын грант″ байқауы бойынша сұрақ» немесе «Аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жоба бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз:

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи