БайқауларЭдьютон 2023: жаңа білім, нетуоркинг және медиасауат жобаларын қаржылай қолдау!

Эдьютон 2023: жаңа білім, нетуоркинг және медиасауат жобаларын қаржылай қолдау!

Internews 19-23 желтоқсанда төртінші MediaCAMP Эдьютон өткізеді. Эдьютон дегеніміз – жаңа білім алып, тәжірибе алмасып, медиа-ақпараттық және цифрлы сауат туралы идеяларын жүзеге асырып, жоба жасауға бағытталған еркін әрі креатив шығармашылық алаң, инновациялық форматтағы іс-шара. Бұл – медиа, ақпарат және цифрлық сауаттылықты ілгерілету саласындағы ең жаңа білімді игеріп қана қоймай, жобаңызды жүзеге асыруға қаржылай қолдау алу мүмкіндігі. 

Қалай қатысады? Жобаңыздың идеясын сипаттай жазып, өтініш жібересіз. Іріктеуден өткен командалар  қарқынды оқу курсынан өтіп, тәлімгерлермен бірге өз жобасын әбден жетілдіреді. Ең үздіктері питчиңнен өтіп, қаржылай қолдау алады. 

Бұған кімдер қатыса алады? Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы орнықты медиа ұйымдар, үкіметтік емес, білім беру, қоғамдық ұйымдар және жеке кәсіпкерлер қатыса алады. 

Эдьютон орыс тілінде онлайн өтеді, қазақ, тәжік және өзбек тілдеріне синхрон аударма жасалады. Сізден өтініш күтеміз! 

Биыл мына бағыттағы жобалар қаржылай қолдау алады:

  • орнықты кәсіби журналистік ұйымдардың медиасауат бойынша түрлі жанрда жасаған контенті: сұхбат, шағын видеоролик, комикс, мемдер және т.б. Өтініш беруші жасаған контентін медиаресурстарда жариялай алуы керек;
  • медиасауат принциптерін насихаттайтын театрландырылған және перформатив қойылымдар (залдағы көрермендердің белсенді қатысу элементтерімен);
  • жас ақындар арасында медиа-ақпараттық және цифрлы сауат бойынша айтыс ұйымдастыру;
  • цифрлық манипуляция мен жалған ақпаратқа қарсы тұра білудің әдіс-тәсілін талқылайтын пікірталас алаңын ұйымдастыру;
  • барлық буын өкілдерін, әлеуметтік әлсіз топтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды медиа-ақпараттық сауатты болуға баулу; 
  • Тәжікстаннан өтініш берушілер мигранттарға арналған медиасауат бойынша да жоба ұсынып, қолдау алуына болады. 

Барлық жоба мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынас тілін пайдаланатын аудиториялардың мүддесін ескеруі және 2023 жылғы 31 шілдеге дейін аяқталуы керек. Жобаны жүзеге асыру мерзімін ұзартуға болмайды. 

Перспективасы бар жоба ұсынған авторлар 2022 жылғы желтоқсанда онлайн өтетін MediaCAMP Эдьютонға шақырылады. Қатысушылар тәжірибелі менторлардан тәлім алып, оқып, жобаларын байқаудың қаржылай қолдау шарттарына толық сай келгенше жетілдіреді. Қаржылай қолдау алу үшін Эдьютонға қатысу шарт.

Байқауға қатысу үшін 2022 жылғы 4 желтоқсан, Астана уақытымен сағат 23:59-ға дейін өтініш толтырып, жіберіңіз.

ӨТІНІШ ЖІБЕРУ

Барлық өтініш берушінің эл.поштасына 2022 жылғы 12 желтоқсаннан кешіктірмей хат-хабар жібереміз.

Қандай да бір сұрағыңыз бар ма? Эдьютон туралы жан-жақты ақпарат алып, сұрағыңызды қойып, жауап алғыңыз келсе, 24 қараша, Астана уақытымен сағат 16:00-де басталатын инфосессияға келіңіз. Қатысу үшін сілтемеге өтіп, тіркеле қалыңыз.

Өтініш жіберген қатысушыларға 2 желтоқсан, Астана уақытымен сағат 11:00-де жабық сессия болады.

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбын «Медиасауат жобалар 2023» деп көрсетіңіз.

Бұл жоба Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауы арқасында мүмкін болып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи