Алматыда «ХХІ ғасырдағы Пандора қорабы» деген медиасауат жәрмеңкесі өтеді

0
2463

Алдағы 29 шілде — сенбіні қызық әрі пайдалы өткізгіңіз келе ме? Онда медиасауат жәрмеңкесіне келіп, «ХХІ ғасырдағы Пандора қорабы» перформансының алғашқы көрермені болыңыз!

  • Kahoot ойнайық! Балалар мұны жақсы көреді, сізге де ұнайды деп үміттенеміз.
  • Не болмаса, «Медиафортуна дөңгелегін» айналдырыңыз, бәлкім сізге «Сыйлық» секторы түсетін шығар.
  • Отбасыңызбен «Дженга» үстел мұнарасын тұрғызыңыз.
  • Не болмаса, фотодан жетіспейтін детальді іздеп, қай қала екенін табыңыз!
  • Суретке түсіп, сыйлыққа фото алыңыз
  • Тағы да ойнаңыз: қарапайым да күрделі куиздер мен викториналар.
  • Музыка тыңдап, әуенді табыңыз.
  • Билеңіз! Медиасауат тақырыптарына сай видеоклиптер көріңіз!
  • Соңында белсенді қатысқаныңыз үшін стикерлеріңізді сыйлыққа алмастырыңыз.

Ең бастысы, біз екі сағат ойнап әрі билей жүріп, оңай әрі көңілді нотада ақпарат ғасырындағы адамның негізгі машықтары туралы сөйлесеміз: сыни пайым, ақпаратты тексере білу; медиа құқық және медиа этика жөніндегі білім; факт пен пікірді айыра білу; фейктер мен дипфейктерді ажырату машығын үйренесіз. Әрине шынайы өміріңіз үшін уақытыңызды үнемдеу және жеке мәліметіңізді кибералаяқтардан қорғаудың маңызды екенін түсінесіз.

Басқа жобалардағы әріптестеріміз әзірлеген оқу материалдарына және біз дайындаған білім беру платформамызға сілтеме береміз. Бұл сіздерге медиабіліміңізді өз бетінше дамытуға мүмкіндік береді. Біздің материалдарымыз мектептерде медиасауат бойынша сабақ беретін мұғалімдерге де пайдалы.

Өтетін уақыты: 18.00 — 20.00, 29 шілде, 2023 жыл.

Өтетін орны: «Арбат» (Алматы қаласы, Жібек Жолы көшесі мен Байсейітова көшесінің қиылысы)

Ұйымдастырушы: «Зиянды медиаәдеттен арылайық/» медиасауат жөніндегі 50 кеңес жобасы аясында «Қазақстандық Медиажелі» қоғамдық ұйымы.

Байланыс нөмірі: +7 777 213 13 67, продюсер және медиатренер Бақтыгүл Бурбаева.

Бұл іс-шараны Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» жобасы аясында Еуропалық Одақ қаржыландырады. Мазмұнына тек «Қазақстандық Медиа Желі» қоғамдық бірлестігі жауапты және міндетті түрде Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдірмейді.