ОқиғаларInternews журналистерге арналған MediaCAMP Award 2023 байқауының жеңімпаздарын жариялады

Internews журналистерге арналған MediaCAMP Award 2023 байқауының жеңімпаздарын жариялады

Бүгін Алматыда Орталық Азияның журналистері мен медиамамандарына арналған бесінші аймақтық MediaCAMP Award 2023 байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Байқау Internews ұйымы USAID-тің қолдауымен 2019 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан қорытынды медиафестиваль аясында өтті. 

Биыл MediaCAMP Award байқауына барлығы 652 өтініш қабылданды. Өзбекстаннан – 168 өтініш, Қырғызстаннан – 113, Тәжікстаннан – 109, Түркіменстаннан – 39, ал ең көбі Қазақстаннан – 223 өтініш жіберіпті.  Журналистер «Уақыт тынысы», «Жеңімпаздар уақыты», «Жасампаздар уақыты», «Жастар уақыты», «Жыл тақырыбы. Уақыт пен ақша» деген номинациялардың бірі бойынша жүлделі орын алу үшін басқа елдегі әріптестерімен бәсекеге түсті. 

Бұл номинацияға ұсынылған материалдардың үздігін қазылар алқасы таңдады. Әуелі Орталық Азияның әр елінде Internews шақыртуымен БАҚ-та жұмыс тәжірибесі бар, контент өндірісін жетік білетін белгілі мамандардан ұлттық байқау комиссиялары жасақталды. Олар сол елде әр номинация бойынша ең көбі үш финалисті іріктеді. Содан кейін финалистердің толық тізімі аймақтық байқау комиссиясының қарауына ұсынды. Аймақтық байқау комиссиясының құрамына бес елдің әрқайсысынан бір адамнан енген. Олар байқау жеңімпаздарын анықтады. Финалистерді түрлі шеберлік сабақтары мен марапаттау рәсіміне қатысуы үшін MediaCAMP Fest медиафестиваліне шақырды. Байқауда бес елден барлығы 70 финалист болды. 

Биыл алғаш рет Манана Асламазян атындағы сыйлық берілді (белгілі медиасарапшы, ТЭФИ сыйлығының екі дүркін лауреаты, Ресей телевизиясына қосқан үлесі үшін марапатталған медиамаман, Internews-тің стратегиялық даму жөніндегі сарапшысы, MediaCAMP Award аймақтық байқауының тұрақты төрағасы болған Манана Асламазян 2022 жылғы 31 тамызда Ереванда қаза тапты). Манана Асламазян атындағы сыйлық – фестивальдің Гран-при сыйлығы. Мұны беру тәртібі былай: Ұлттық байқау комиссиясы өз еліндегі финалистер арасынан ең мықты жұмысты сыйлыққа ұсынды. Осылайша, Орталық Азияның бес елінен барлығы 10 материалдан тұратын тізім түзілді. Оны Манананың достары, оның талғамын білетін халықаралық сарапшылар мен кәсіби медиамамандардан арнайы шақырылған қазылар алқасы қарады. 

Барлық жұмысты мұқият қарап, кезең-кезеңде бағалағаннан кейін MediaCAMP Award 2023 байқауының жеңімпаздарын жариялады!

«Жастар уақыты» номинациясы

Қазылар алқасы «Жастар уақыты» номинациясына ұсынылған материалдарды мұқият қарады. Алайда олардың пікірінше, бірінші орынға толықтай лайық материал болмады. Сондықтан бұл номинация бойынша екінші және үшінші орын ғана берілді. 

3-ОРЫН: Өзбекстан— Зиёда Рамазонова, «Китоб қандай тайёрланади?»

2-ОРЫН: Қырғызстан — Рахатай Абдимиталипкызы, «Что произойдет с элитными домами в Кыргызстане в случае землетрясения? Мнения экспертов».

«Уақыт тынысы» номинациясы

3-ОРЫН: Өзбекстан — Гулираъно Мусаева, «Хотин-қизлар тазйиқларга «жони қирқта»лигидан чидайдими ёки ожизалигидан? Нега улар энг кўп ўз «уйи»да хўрланади?»

2-ОРЫН: Өзбекстан — Елена Ким, «Язъяванские пески продолжают разбирать под сельхоздеятельность. Почему важно это остановить?»

1-ОРЫН: Қырғызстан — Мундузбек Калыков пен Валентина Галич, «Школы, которых нет. Садыр Жапаров отчитался о 68 новых школах – это оказалось преувеличением».  

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

3-ОРЫН: Қазақстан — Дінмұхамед Қалықұлов, «Симптомы и признаки аутизма. Аутизм в Казахстане. Почему особенных детей становится больше?»

2-ОРЫН: Қазақстан — Жанат Түкбиев, «У войны не женское лицо».

1-ОРЫН: Өзбекстан — Барно Икрамова, «Ради благого дела».

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

3-ОРЫН: Қырғызстан — Айбике Адилеткызы, Бекболсун Кайыпов, Айжамал Туголбайкызы, «Жаштарга тил үйрөтүп, ааламга жол ачкан Разак».

2-ОРЫН: Қазақстан — Евгения Вологодская, «»Расточительная орлица Сарыгуль», или зачем ученые собирают деньги на GPS-передатчики степным орлам».

1-ОРЫН: Тәжікстан — Алия Хамидуллина, «Шведская таджичка в Африке». Как любовь к детям сделала нашу соотечественницу известной»

«Жыл тақырыбы. Уақыт пен ақша» номинациясы

3-ОРЫН: Қазақстан — Ардак Букеева, Лаура Сулейменова, «Как казахстанский экспорт нефти оказался в одной корзине».

2-ОРЫН: Қырғызстан — Мария Пак, «Все яйца в одной корзине. Откуда Кыргызстан получает иностранную валюту?».

1-ОРЫН: Қазақстан — Артур Жұмабаев, Оксана Ставнийчук, Ануар Нуртазин «Рикошет: как санкции против России привели к росту цен в Казахстане».

Манана Асламазян атындағы сыйлық

Internews байқаудың Гран-при жүлдесі санайтын Манана Асламазян атындағы сыйлық  қазақстандық журналист Данияр Молдабековке «Сюрреализация сознания» деген материалы үшін берілді. Әр елдің кәсіби медиамамандарынан жасақталған қазылар алқасы осы жұмысты таңдай отырып:

«Бұл — бүгінгі қоғам үшін маңызды зерттеу. Өйткені мәдени жұмыстардың имитациясы барлық жерде боп жатыр. Мұнда имитация да, зерттеу де жоғары деңгейде орындалған. Даниярдың журналистік деңгейі жоғары»

деп атап өтті.

MediaCAMP Award байқауының фотографтар, карикатурашы мен иллюстраторларға арналған «Уақыт көрінісі» номинациясы деген номинациясы да бар. Бұл номинацияның жеңімпазын қазылар алқасы емес, аудитория анықтайды. «Уақыт көрінісі» номинациясына ұсынылған жұмыстарды техникалық іріктеуден кейін MediaCAMP Fest сайтына 36 сурет жарияланып, онлайн дауыс беруге ұсынылды. Дауыс беру 25 маусымға дейін жалғасты. Аудиториядан барлығы 5075 дауыс берді. 

«Уақыт көрінісі» номинациясы

Осы номинацияда қазақстандық Әлихан Сариев жеңіске жетті. Оның «Возраст любви» деген фотосы дауыс саны жағынан оқ бойы озып, 2243 дауыс жинады. Бұл барлық дауыс санының жартысына жуықтайды. 

MediaCAMP фестивалі мен байқауы бесінші жыл қатарынан журналистикадағы трендтерді талқылап, шабыт алып, Орталық Азияның жаңа есімдерін паш ететін орынға айналды. Бұл іс-шараның аймақтағы медиаға қаншалықты маңызды екенін байқаудың статистикасы көрсетіп отыр. 2019 жылы MediaCAMP Award байқауына Орталық Азияның бес елінен барлық номинация бойынша 470 өтініш, 2020 жылы 314, 2021 жылы 690 өтініш келіп түсті. 2022 жылғы өтініштер саны 823-ке жетіп, рекордқа жетті. Биыл байқауға 652 өтініш қабылданды. 

MediaCAMP Award 2023 байқауында Аймақтық қазылар алқасының қазақстандық мүшесі Әсия Акишева бес жылдағы жұмыс жағдайын талдап, пікірін білдірді:

«Осы байқау алғаш ұйымдастырылғалы бері қазылар алқасының мүшесі боп келе жатқаныма мақтансам да болатын сияқты (Әсия байқаудың бес жылында да іріктеу комиссиясының қатарында болды — Internews ескерт.). Содан бері аймақтағы елдерде не боп жатқанын әріптестерімнің материалдары арқылы біліп ғана қоймай, еліміздегі журналистика қалай дамып жатқанына да куәмін…

Өкінішке қарай, соңғы 5 жылда аймақта БАҚ-қа қатысты мемлекеттік саясат қатаңдағанын да көріп отырмыз. Десе де Орталық Азияның журналистері “қорғанысты” бермей, түрлі кедергілерді еңсеріп келеді. Тұрмыстағы зорлық зомбылық, әйелдерді қорғау мен қолдау (Бұл қоғам өмірінен де көрініс тауып отыр. Осы бағыттағы заңнаманы қабылдау не қатаңдатуға қоғам дайын боп пісіп-жетілді) туралы материалдар көбірек шығып жатыр. Еңбек миграциясы туралы кәсіби пайым пайда болды.

Қазір журналистер адамдарды үй жануарына, қоршаған ортаға қамқор болуға үйретуге тырысады. Журналистер тәрбие, ағартушылық сияқты функцияларды да алып жүруге талпынады. Бүгінде журналистердің жұмысына сөз бостандығынан басқа да көптеген кедергі бар. Журналистер медианарықта жосықсыз блогерлермен де бәсекеге түсуіне, басшылық/құрылтайшы аудитория ауқымын кеңейтуді талап ететін болған соң лайк жинап, репост қуалауына да тура келеді.

Меніңше, бұл байқау еліміздегі журналистердің бірін-бірі танып ғана қоймай, бір-бірінен үйренуіне де мүмкіндік береді. Біз, яғни қазылар алқасы да үйреніп жатырмыз. Маған комиссияда жұмыс істеу өте ұнады».

Барлық жеңімпазды құттықтаймыз. Байқауға қатысушылардың бәріне – креатив әрі әлеуметтік маңызға ие контент жасағаны, журналистикамен айналысуға деген ынта-ықыласы үшін алғыс айтамыз. Бес жыл бойына жүздеген әріптесінің жұмысын қарап, бағалауға уақыт тауып, қиын да жауапты істі атқаруға ерік-жігер танытқаны үшін алғыс білдіреміз. Сарапшылар өзіне жүктелген міндетті сүйсіне орындады. Байқауды ұйымдастыруға қайтарымсыз көмек беріп, медиа өз ісінің маңыздылығын түсінуіне жәрдем етіп, қолдаған барлық досымызға және Internews серіктестеріне де көп рахмет.

MediaCAMP Fest фестивалі мен MediaCAMP Award байқауы Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.

Биыл MediaCAMP медиафестивалінің бас серіктесі Kaspi.kz боп отыр. Фестивалді KIMEP-тің Медиа және Коммуникация кафедрасы мен Душанбедегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі де қолдады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи