Internews командасы бесжылдық жоба – Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасын аяқтайды. Бұл жоба жайлы бұған дейін MediaCAMP Award байқауы, MediaCAMP Fest фестивалі, контент өндірісіне гранттар, тренингтер, Медиасауат эдьютоны, Зерттеу журналистикасы мектебі және тағы басқа да көптеген іс-шара барысында хабардар боп, естіп-білсеңіз керек. Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асты.
Internews-тің достары мен серіктестерін жобаның қорытынды жабылу презентациясына шақырамыз. MediaCAMP-тың негізгі нәтижесін назарға ұсынып, алдағы ықтимал жұмыс бағыттарын талқылаймыз.
Қашан болады: 15 қыркүйек, сағат 16:30
Қайда өтеді: «АРТиШОК» театрының үлкен сахнасында. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 40 үй
Алдын ала тіркелу қажет.
Бізге болашақ жобаларыңызды жүзеге асыруға не қажет екенін білу маңызды.
Ұсыныс-пікіріңізді тіркеу формасына жазсаңыз не ұсыныстар кітабына аноним түрде жазып қалдырсаңыз болады.
Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы 2018 жылғы қазанда басталды. Енді 2023 жылғы 30 қыркүйекте толықтай аяқталады. Бағдарлама Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталды.
Бағдарламаның үш негізгі бағыты бар:
- Медианың маңызды саяси және қоғамдық тақырыптар бойынша теңдестірілген, ақпараттық тұрғыдан мазмұнды және бейтарап материал жасауына көмектесу.
- Талғампаз тұтынушы мен ақпарат жеткізуші аудиторияның медиа-ақпараттық сауатын көтеру.
- БАҚ-тың құқықтық ортасын жақсарту.
Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болды. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.