ОқиғаларInternews жаңа бағдарламаға жоба, мониторинг және бағалау жөніндегі маман іздестіріп  жатыр

Internews жаңа бағдарламаға жоба, мониторинг және бағалау жөніндегі маман іздестіріп  жатыр

Қызметі: жоба, мониторинг және бағалау жөніндегі маман
Жұмыс орны: Алматы, Қазақстан
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні
Келісімшарт мерзімі: 9 ай
Өтініш қабылданады (ҰЗАРТЫЛДЫ): 2024 жылғы 7 шілде, сағат 23:29-ға дейін

Internews FCDO қаржыландыратын Growing Local Independent Media for Meaningful Engagement in the Regions (GLIMMER) деген жаңа бағдарламаға Жоба, мониторинг және бағалау жөніндегі маман іздестіріп жатыр. Жоба менеджерінің жетекшілігімен Жоба, мониторинг және бағалау жөніндегі қызметкер бағдарламаның тиімді әрі уақытылы іске асуына бас-көз болып, жобаның жұмысына мониторинг жүргізіп, бағалайды. Оның күнделікті міндетіне субгранттарды іске асырудың бағдарламалық аспектісі, консультанттардың жұмысы мен оларға техникалық тұрғыдан көмектесуді үйлестіру, семинар/тренингтерді әзірлеу жатады. Ол жоба жетекшісімен бірлесіп, БАҚ-ты зерттеу және бағалау жөніндегі аймақтық менеджердің қолдауымен жобаға мониторинг және бағалау жоспарын іске асырып, жобаның көрсеткіші туралы сауалнама алу мен ақпарат жинаудың басқа да әдістерін ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда жобаны бағалаудың кез-келген түрін ұйымдастыруда негізгі рөлге ие. Ол серіктестік қолдаудың жалпылама әсерін бағалап, хабарлайды, GLIMMER жұмыс тобының бағдарламаны орындау кезінде жиналған пікірлер мен кейстерден алған тәжірибені пайдалануына жағдай жасап, деректердің сапасына қойылатын қатаң стандарттардың сақталуын қадғалайды. Ол техникалық, логистикалық және әкімшілік қолдау көрсете отырып, бағдарламаны мейлінше тиімді іске асыруға бағалау нәтижесін пайдалану ісіне жауапты болады. 

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

Жоба бойынша:

  • Жоба жұмысын жоспарлау мен орындауға жауапты боп, жоба жетекшісінің тапсырмасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруға қатысу;  
  • Жоба менеджерінің контент өндірісіне арналған грант байқауын ұйымдастыруға көмектесу үшін өтініш жинауға қатысып, байқаудың критерийлер мен басқа да қажет құралдарды дайындайды. 
  • Жобаның серіктестеріне редакциясының жұмысын жетілдіру жоспарын дайындауға және қажеттіліктерін шұғыл бағалауды ұйымдастыруға қатысу, сондай-ақ, БАҚ-тың ұйымдастыру әлеуетін бағалау. 
  • Жоба аясында медиасеріктестердің жұмысын ілгерілету мен олардың әлеуетін арттыруға қажет сарапшылар мен тренерлерді іздеуге және оларды жұмысқа алуға көмектесу.
  • Медиасеріктестермен жобаның бағдарламалық, әімшілік және басқа да міндеттемелері бойынша хабарласып, байланысып отыру.
  • Жоба бойынша есеп дайындауға қажет материалдарды ұсыну. 
  • Донордың, Бас кеңсенің, Қазақстандағы Internews өкілдігі директорының не менеджердің сұрауы бойынша жоба туралы ақпарат ұсыну. 
  • Қажет болған жағдайда аймақтардағы серіктестерге бару, серіктестермен кездесуге қатысу. 
  • Жоба аясындағы кездесулерге, телефон арқылы байланысқа, жоспарлауға және талқылауға қатысу. 
  • Жобаны іске асыруға қажет басқа да тапсырмаларды жоба, мониторинг және бағалау жөніндегі маманның құзіреті шеңберінде орындау. 

Мониторинг, бағалау және оқыту (MEL):

  • Мониторинг пен бағалау жүргізуді басқару, критерийлерді әзірлеу, техникалық сипаттамасын жазу, бағалау құралдарын тестілеу, бағалау нәтижесіне мониторинг жүргізу мен тексеру және т.б.
  • Ұйым ішіндегі және серіктестердің деректерді үздіксіз, мұқият және қауіпсіз жинау, сақтау, қадағалау мен тексеру процессін әзірлеп, ендіру; деректерді пайдаланудың қарапайым, қауіпсіз және жинақы болуына жағдай жасау. 
  • Жоба серіктестерінің MEL стандарттарын жүйелі қолдануын және барлық серіктестік келісімде шынайы әрі өзекті көрсеткіштер мен мақсаттары бар MEL жоспары болуын бақылау. 
  • Жобаның серіктестері мен қызметкерлері жоба әсері жайлы деректер мен мысалдарды Internews пен донорлардың стандарттарына сай етіп, уақытылы ұсынуын үйлестіру. 
  • Жобаның серіктестерін MEL бойынша оқыту және оларға консультация беру. 
  • Серіктестердің оларға берілген аналитикалық құралдарды қолдануын бақылау және қажетінше оларға көмектесу. 
  • Әрбір көрсеткіштің деректерін талдау және көзделген түпкі нәтижемен және  қорытынды көрсеткіштермен салыстырып, тиімділігін қадағалау; кез келген кемшілікті анықтау мен мониторинг және бағалау бойынша туындаған кез келген мәселені шешу үшін жоба менеджерімен бірге іс-әрекет жасау және/немесе жобаны іске асыруға қажет түзетулерді уақытылы енгізу. 
  • Жобаға мониторинг пен бағалау бойынша тоқсандық және қорытынды есептерге қажет ақпаратты/материалдарды жинау, өңдеу, айындау. Қажет болған жағдайда нарратив есепті дайындауға қажет деректер мен аналитикалық мәтінді ұсыну.
  • Мониторинг және бағалау әдістемелері мен құралдары туралы ақпарат  ұсыну және соңғы жаңалықтардан хабардар боп отыру үшін Internews-тың Жаһандық мониторинг және бағалау тобымен және Бас кеңседегі қолдау тобымен тығыз жұмыс істеу. 

БІЛІКТІЛІГІ:

Қойылатын талаптар:

  • Кемі 5 жыл не одан да көп жыл осындай салада қызмет еткен тәжірибесі, соның ішінде мониторинг және бағалау саласында кемі 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, БАҚ-ты дамыту бойынша жобаларда жұмыс істеу тәжірибесі болса құба-құп. 
  • БАҚ пен журналистика, бизнесті басқару, әлеуметтік ғылымдар, халықаралық даму және/немесе басқа да ұқсас оқу саласынан бакалавр дәрежесі.
  • Сандық және сапалық деректерді жинау мен талдау тәжірибесі. 
  • MEL жоспарын әзірлеу/іске асыру және MEL құралдары мен түрлі әдістемесін қолдану тәжірибесі. 
  • Жобаның есептерін дайындау тәжірибесі.
  • Цифрлық дәуірде медиаконтент пен ақпарат өндірісі, оны тарату мен тұтынуға әсер ететін динамиканы түсінуі.
  • Үздік дәрежедегі тұлғааралық, мәдени және дипломатиялық машықтар.
  • Жағдай шұғыл өзгеретін ортада көптеген тапсырманы орындай білу қабілетінің жоғары болуы. 
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. 

Артықшылық береді:

  • Қашықтан оқыту мен қолдау тәжірибесі;
  • Талдау жүргізудің диджитал-құралдарын білу, графикалық дизайн, статистикалық талдау бағдарламаларын және цифрлық контент жасауға қажет басқа да құралдарды қолдана білу;
  • FCDO саясаты мен ережесін білу.

Түйіндемеңізді және осы қызметті істеуге қажет талаптарға машығыңыз бен тәжірибеңіз қаншалықты сай келетінін көрсететін ілеспе хатты bmadyarova@INTERNEWS.ORG элпоштасына жолдаңыз. Хат тақырыбын « Жоба, мониторинг және бағалау жөніндегі маман» (GLIMMER) деп қойсаңыз екен. 

Өтініштер келіп түскен сәттен бастап қаралатынын ескеріңіз. Сондықтан үміткермен әңгімелесу және жұмысқа қабылдау вакансия жабылғанға дейін боп қоюы мүмкін.

Өтініштер 2024 жылғы 7 шілде, сағат 23:29-ға дейін қабылданады (ҰЗАРТЫЛДЫ).

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи