Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құруға берілетін гранттар байқауының жеңімпаздарын іріктеу өтті. Байқауға Қазақстаннан – 22, Тәжікстаннан – 8, барлығы 30 өтініш келіп түсті.
Қазақстан мен Тәжікстанның медиасарапшыларынан құрылған халықаралық әділқазылар алқасы өтініштерді мына жеті критерий бойынша бағалады:
- Медианың орнықтылығы;
- Азаматтық журналистермен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Нақты сол медиаға азаматтық журналистер желісін құрудың қажет екеніне анық негіздеме;
- Журналистерді оқыту-үйрету тәжірибесінің болуы;
- Internews ұйымының грант қолдауынан тыс орнықтылыққа жету жоспарының болуы;
- Азаматтық журналистерді оқыту-үйретуге дайын болуы;
- Азаматтық журналистерді іріктеу және тарту бойынша айқын стратегиясының болуы;
Жеңімпаздар тізімі:
Қазақстан
- NewTimes.kz АА;
- Қазақстанның Сот журналистері лигасы;
- Tilshi.kz;
- Петропавловск.news өңірлік сайты;
- Қостанайдың облысының «Наша газета» апталығы;
- Ұйымдар коалициясы: «Қазақстанның жастар ақпарат қызметі («МИСК»), «Семей қаласының жас журналистер қауымдастығы», «Семей айнасы» ақпарат агенттігінің редакциясы, Factum.kz ақпарат агенттігінің редакциясы;
Тәжікстан
- Тәжікстанның журналистік зерттеу орталығы, «Сугднюс» АА;
- «Азия-Плюс» АА;
- «Пайванд» ТРК;
- «Оила» медиахолдингі
Жеңімпаздарға берілетін қолдаулар:
- Азаматтық журналистер желісінің үйлестірушісіне қаржылай қолдау;
- Бастапқы кезеңде қатысушылардың қаламақысын төлеуге грант;
- Құрылған желі үйлестірушісіне қашықтан тәлімгер болу;
Қандай да бір сұрақ туындаса, электронды поштамызға хат жазыңыз:
Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org
Грантқа қатысты сұрақтардың жауабын мына бетте жазылған.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.