HomeБайқауларҚазақстан медиа мамандарына арналған гранттар, байқаулар, тренингтер
БайқауларҚазақстан медиа мамандарына арналған гранттар, байқаулар, тренингтер

Қазақстан медиа мамандарына арналған гранттар, байқаулар, тренингтер

MediaCAMP бағдарламасы аясында өтетін тренингтер, контент-лабтар, гранттар мен байқаулар топтамасын ұсынамыз. Бұл іс-шараларға қатысу үшін әлі де өтініш жіберуге болады.

MediaCAMP Business Lab ашылуы – 13 наурызда

Business Lab-қа қатысатын командалар іріктелді. 13 наурызда ашық сессиялар өтеді.

  • 11:30 — 13:00 Евгений Кулаков, «Медиаға өнім ретінде қарау»
  • 14:00 — 15:00 Мария Рзаева, «Медианың бірегей өнімдеріне шолу»
  • 16:30 — 17:30 Евгений Кулаков, «Редакцияға арналған медиа-өнімнің бизнес-моделі»
  • 17:30 — 18:30 Андрей Доронин, «Медиа-өнім маркетингінің әліппесі»

Ашық сессияларға қатысу үшін сайтқа өтіп тіркелесіз. Қатысу – тегін.

Білім тақырыбындағы MediaCAMP Content Lab

Қатысушы командалар ұсынған жобасы бойынша үш күн қауырт жұмыс істейді. Оларға менторлар мен фасилитаторлар көмектеседі. Тренерлер дәріс оқиды, өтінішіңізге қарай шақырылатын сарапшылармен панелді дискуссиялар болады. Content Lab Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген сарапшылар мен журналистердің бір-бірімен танысып, жобаңызды жүзеге асыру үшін Internews қолдауына ие болуға мүмкіндік береді. Лаборатория қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Өтініштер 2020 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

БІЛІМ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ MEDIACAMP CONTENT LAB-ҚА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Контентті қайта түрлендіру тренингін ұйымдастыру

Қазақстан журналистеріне қазақ және орыс тілдерінде контентті қайта түрлендіру тренингін ұйымдастыратын серіктес іздейміз.

Медиа немесе медиа-білім саласында кемі 1 жыл тәжірибесі бар кез келген коммерциялық не коммерциялық емес ұйым осы жобаның серіктесі бола алады.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде, офлайн форматында, 3 жұмыс күн ішінде өтіп, Қазақстанның түрлі қаласынан кемі 30 журналисті қатысып, оқыту керек. Ұйымдастырушы қазақ және орыс тілдерінде екі тренинг немесе ілеспе аудармашы қызметін пайдаланып жалпы ортақ тренинг өткізе алады.

Өтініш қабылдаудың соңғы күні – 15 наурыз, 2020 жыл.

КОНТЕНТТІ ҚАЙТА ТҮРЛЕНДІРУ ТРЕНИНГІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Түсіндірме журналистикасы тренингін ұйымдастыру

Қазақстандағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде журналистер бар фактіні жалған ақпарат легіне қарсы қойып үлгермей жататынын, ауқымды да әралуан аудиторияға не болғанын түсіндіргенде қиындыққа тап келетінін байқадық. Сондықтан Internews журналистерге арнап түсіндірме журналистикасының дағдыларын дамытатын тренингтер сериясын ұйымдастыруды қолдайды.

Осындай тренингтерді қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастыратын серіктес-ұйым іздейміз.

Өтініштер 2020 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

Түсіндірме журналистикасы тренингін ұйымдастыруға байқау жарияланды

Жобалар АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында іске аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи