БайқауларҚазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанда Медиасын онлайн-мектебіне қабылдау басталды

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанда Медиасын онлайн-мектебіне қабылдау басталды

Internews 27 сәуір – 6 мамыр аралығында Медиасын онлайн-мектебін өткізеді. Онлайн-мектепке кәсіби журналистер де, медиаконтентті талдау тәжірибесі бар мамандар да қатыса алады. Қатысушыларды онлайн-өтініштегі жауабына және авторлық материалдарына қарап іріктейді.

Өтініш жіберудің соңғы күні: 17 сәуір.

Қазақ, қырғыз, тәжік не өзбек тілдерінде жазатын, сол тілде жұмыс істейтін, ал орыс тілін оқытушылардың сөзін түсінетін деңгейде білетін авторларға басымдық беріледі.
Медиасын, яғни медиаға сын – қазіргі журналистиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Медиасын ақпарат өндірісінің әлеуметтік, этикалық, құқықтық және тағы басқа қырларын бағалап, бағамдайды.

Internews Орталық Азия елдеріндегі «Медиасын» жанрын «Жаңа репортер» сайтында дамытып жатыр. Өтініш-формасын толтырмас бұрын сол сайттағы материалдарды оқып, танысыңыз.

Біз Медиасын мектебіне қатысушыларды ғана емес, сонымен қатар «Медиасын» бөліміне автор, редактор болатын пікірлес адамдар іздейміз. Олар гонорарға тұрақты түрде материалдар дайындайды.

Онлайн-мектептегі сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын екі сағат болады. Лекциялар мен шығармашылық тапсырмалардан тұрады. Сабақтар орыс тілінде өтеді, бірақ қатысушылармен ұлт тілін білетін тәлімгерлер жұмыс істейді.

Тренерлер қатарында: телерадиожүргізуші, журналист, телесыншы Ирина Петровская, «Жаңа репортер» жобасында жұмыс істейтін медиасыншылар – Сергей Ким, Маргарита Бочарова, Назира Дәрімбет, Анна Шабалдина бар. Онлайн-мектептің арнайы қонағы – Медиасауат және цифрлы мәдениет орталығының директоры Анна Качкаева.

Егер Медиасын онлайн-мектебіне қатысып, алдағы уақытта Internewsтің гонорар төленетін жобаларына серіктес болғыңыз келсе, онда 2020 жылғы 17 сәуірге дейін онлайн-өтінішті толтырыңыз. Медиасын мектебіне қатысу үшін интернетіңіз және онлайн-сабақтарға қолданатын компьютеріңіз болуы керек. Медиасын онлайн-мектебіне қатысқаны туралы сертификат беріледі.

Сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштамызға жазыңыз. Сұрақтардың жауабы сұрағымен бірге Internews.kz және newreporter.org парақтарында түскен-түскенінше жарияланады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи