MediaCAMP Award 2020 байқауының «Объектив» номинациясына фотосуреттер қабылдау мерзімі ұзартылды

0
94

2020 жылдың 16 маусымында II Орталық Азия елдері арасында журналистика бойынша өтетін MediaCAMP Award байқауына өтініш қабылдау басталды. Алғашқыда өтініш қабылдауды 15 шілдеде аяқтау жоспарланды. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты құжат қабылдау мерзімі ұзартылды. Орталық Азия медиасының кез келген формат пен жанрдағы материалдары бес номинация бойынша қабылданды:

  • «Билік және қоғам»
  • «Шекарасы жоқ ұрпақ – Мүмкіндіктер уақыты»
  • «Жәрдемдесер уақыт»
  • «Ерлер ел ішінде»
  • «Объектив» (фотобайқау).

Қазір алғашқы төрт номинация бойынша материалдар жинақталды. Орталық Азияның әр елінде іріктеу комиссиясы құрылған. Олар байқауға жіберілген материалдарды бағалауды бастап кетті. Ал «Объектив» номинациясына фотосуреттер қабылдау мерзімі ұзартылды. Бұл номинацияға 2019 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 мамыры аралығында жарияланған фотосуреттер алынады.

Қалай қатысуға болады?

  • «Объектив» номинациясына арналған жұмыстарыңызды 2020 жылдың 28 тамызына дейін [email protected] эл.поштасына жіберіңіз;
  • Хат атауына «Объектив» номинациясына, MediaCAMP Award 2020» деп жазыңыз. Бір өтініш беруші үш суреттен артық жібере алмайды (фотосуреттерді нөмірлеңіз);
  • Фотосуреттерді хатқа тіркеп, хатта әрбір фотоның атауы мен сипаттамасы (бұл фотоны қайда, қашан және неліктен түсіргеніңіз), фотосуретті интернет-дауыс беруде қолдануға және Internews ұйымының коммерциялық емес мақсатта көрсетуіне келісетініңіз жазылған ілеспе мәтінді міндетті түрде жазыңыз.

Мысалы: «Фото №1. «Сайлау күні». Фотосурет … түсірілді. Бұл фотоны … … келісім беремін».

«Объектив» номинациясына қабылданған фотосуреттің барлығы 2020 жылы қыркүйек айының басында MediaCAMP Award Fest 2020 сайтында ашық жарияланады. Бұл номинацияның жеңімпазы MediaCAMP Fest 2020 сайтында интернет-дауыс беру арқылы анықталады. Интернет-дауыс беру фестиваль басталғанға дейін жүргізіледі. Кез келген адам шексіз дауыс бере алады, бірақ бір фотосуретке бір IP-адрестен тәулігіне бір-ақ рет дауыс беруге мүмкіндік бар.

Автор онлайн-дауыс беруде және MediaCAMP Fest байқауының марапаттау рәсімінде елге көрсету үшін суретті пайдалануға құқық береді. MediaCAMP Fest байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2020 жылдың 14-19 қыркүйегі күндері онлайн-режимде өтеді.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Internews өкілдігінің “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.