MediaCAMP Эдьютон-2021: медиасауаттылық бойынша ашық сессияларға шақырамыз

0
422

«Медиасауаттылық онлайн: креатив аттракционі!». Internews 2-6 ақпанда осындай ұранмен Эдьютон-2021 инновациялық семинарын өткізеді.

Эдьютон мақсаты – педагогтарға, медиасауаттылық тренерлеріне, ҮЕҰ өкілдеріне, кітапханашылар мен медиасауаттылыққа алғаш қызығушылық танытқандарға онлайнда жұмыс істеу машығын үйрету.

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан барлығы 50 қатысушы байқау негізінде іріктелді. Енді олар ұсынған идеяларын тәжірибелі менторлардың көмегіне сүйеніп толыққанды жобаға айналдырады. Сосын қазылар алдында жария қорғайды. Ең тиімді әрі тұрақты деп танылған жобалар қаржылай қолдауға ие болады.

Спикерлердің дәрісі мен тренерлердің практикалық сабақтары медиасауаттылықты қашықтан оқытудағы интерактив әдістер, ойындар мен визуализацияға арналмақ. Барлығы 18 сабақ жоспарланса, соның төртеуі ашық сессия түрінде өтеді. Ашық сабақтарды кез келген қызығушы адам көре алады.

Эдьютон бағларламасының спикерлері, тәлімгерлері мен тренерлері:

  • медиаменеджер, редактор, медиатренер Всеволод Пуля (Ресей);
  • медиасауат тренері, Украина журналистерінің тәуелсіз кәсіподақ төрағасы Сергей Штурхецкий (Украина)
  • Заманауи журналистиканы дамыту орталығының директоры, Орталық Азиядағы Deutsche Welle академиясының серіктесі, медиасауат тренері Саида Сулайманова (Өзбекстан)
  • кәсіпкер, “Выбирай” журналын шығарушы, медиасауат тренері Татьяна Голубцова (Қазақстан)
  • медиакеңесші, data журналистика және мультимедиа маманы, Internews.kz өкілі Баубек Сағындық (Қазақстан)
  • фактчекинг ресурстың негізін қалаушы, медиасауат тренері Джамшед Маруф (Тәжікстан)
  • data-сауаттылық жөніндегі маман, Internews.tj жобасының үйлестірушіcі Кумушой Муртазакулова (Тәжікстан).

Ашық сессиялар Қазақстандағы Internews өкілдігінің Facebook-тегі парақшасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ашық сессиялардың бағдарламасын ұсынамыз:

2 ақпан, 15:30 — 16:45 Всеволод Пуля, “Digital философия — медиасауаттылықты дамытудың негізі”, сұрақ-жауап

3 ақпан, 15:00 — 16:30 Всеволод Пуля, “Жаңа медиатрендтер мен медиасауаттылықты дамыту”

4 ақпан, 17:15 — 18:15 Сергей Штурхецкий, “Әлеуметтік желілерде ақпарат тарату алгоритмі”

5 ақпан, 17:00 — 18:00 Сергей Штурхецкий, “Сыни пайымды онлайнда оқытудың интерактив әдістері”

6 ақпан, 15.00 — 15.45 Татьяна Иванова, медиасауаттылық жөніндегі тренер, Светлана Избаш, медиасауаттылық жөніндегі тренер, “Трендте бол: медиасауаттылық онлайн!”

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.