“Деректі кино. Қысқа метр” мектебіне қабылдау басталды

0
1126

Деректі кино авторлары мен режиссерлерді, видеомейкерлер мен журналистерді “Деректі кино. Қысқа метр” мектебіне оқуға шақырамыз. Мектепте деректі кино мен телевизия айырмашылығын түсініп, киноматографиялық тұрғыдан қарай білуді үйреніп, қысқа деректі фильміңізді түсіресіз. 

Бірінші Деректі кино мектебі Internews қолдауымен 2021 жылғы көктем-жаз мезгілінде Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда онлайн/оффлайн форматтарда өтеді. 

Мектепте оқуға өтініштер 2021 жылғы 3 наурыз, сағат 00:00-ге дейін қабылданады. Алдын ала іріктеуден өткен қатысушылармен жеке әңгімелесу болады. 

Мектеп бағдарламасы екі кезеңге бөлінген:

  • Теория: белгілі документалистер мен халықаралық тренерлер алты апта бойына интенсив курс оқытады, үй тапсырмалары, уоркшоптар, кинокөрсетілімдер, талқылаулар болады;
  • Практика: Мектеп тренерлері мен тәлімгерлігінің жетекшілігінде өз фильмін түсіріп, монтаждап, дайындауға екі ай уақыт беріледі.

Мектептің бас тренері – Шахида Тулаганова, BBC. Шақырылған спикерлер қатарында Татьяна Рахманова (Франция), Кенан Алиев (Чехия), Рухи Хамид (Британия),Виталий Манский (Ресей), Елена Демидова (Ресей) және басқа да режиссерлер, продюсерлер, документалистер бар. 

Мектепте оқуға Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның жас режиссерлері қатыса алады. Өтініш берушілерде түсіргісі келетін деректі фильмінің идеясы, аздаған тәжірибесі, видеоөнім жасаудың бастапқы машықтары, өзінің не уақытша алуға болатын базалық құрал-жабдығы болуы керек. Жеке не команда атынан өтініш беруге болады.

Оқу орыс тілінде өтеді, басқа тілдерге сихнронды аударма жасалады.

Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. 

“Деректі кино. Қысқа метр” мектебін Internews бастамасымен серіктестер командасы – Project Hub (Қазақстан), Zibai production  (Тәжікстан), Эльер Нематов (Өзбекстан) ұйымдастырады. 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.