HomeБайқауларЗерттеу журналистикасы мектебіне өтініш қабылдау басталды
БайқауларЗерттеу журналистикасы мектебіне өтініш қабылдау басталды

Зерттеу журналистикасы мектебіне өтініш қабылдау басталды

Internews өкілдігі “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында Орталық Азиядағы Зерттеу журналистикасы мектебін ұйымдастырмақ. Мектепте Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстанның БАҚ журналистері, блогерлер мен азаматтық журналистері оқиды.

Зерттеу журналистикасы мектебі қашан өтеді?

Зерттеу журналистикасы мектебін 2021 жылғы 14-20 мамыр күндері Алматы қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Оқыту оффлайн-форматта болады. Алайда COVID-19 жағдайына байланысты карантин шектеулері күшейтілсе, басқа уақытқа ауыстырылуы мүмкін. Тәжікстан мен Өзбекстан келетін қатысушылардың шекарадан өту мүмкіндігі де ескеріледі.

6 күндік курста тәжірибелі зерттеуші-журналистер тренинг өтеді.

Зерттеу журналистикасы мектебінің сессия тақырыптары:

  • Қазақстан, Тәжікстане және Өзбекстанның медиазаңнамасы;
  • Журналистік зерттеу дегеніміз не?;
  • Зерттеуді жоспарлау. “Кабинетте” және “сыртта” зерттеу жүргізу кезеңдері;
  • Зерттеуші-журналистердің жұмысындағы заңнан тыс тәуекелдер мен оны азайту;
  • Зерттеуші-журналистің этикалық және кәсіби стандарттары;
  • Ақпаратты жүйелеу және талдау. Ақпараттық құжаттар және оның зерттеуші-журналист үшін маңызы;
  • Адамдар – ақпарат көзі. Ақпарат көздерімен жұмыс және оларды қорғау;
  • Бақылау – ақпарат жинау тәсілі;
  • “Сыртта” жұмыс істеуді жоспарлау – бақылау және жасырын жұмыс істеуге машықтану;
  • Зерттеудегі құжаттай ақпарат көздері;
  • Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы ашық деректер ресурсы;
  • Зерттеу кезіндегі сұхбат. Сұхбатқа дайындық, сұхбат алу;
  • Фактчекинг және деректерді тексеру;
  • Сторителлинг. Телевизияда, баспасөзде, онлайнда және әлеуметтік желілерде зерттеу материалдарын жариялау ерекшеліктері.

Оқыту тілі: орысша

Зерттеу журналистикасы мектебіне қалай қатысуға болады?

Зерттеу журналистикасы мектебіне қатысу үшін зерттеумен айналысатын БАҚ журналисі, блогер не азаматтық журналист болуыңыз керек. Қатысу үшін өтініш сауалнамасын толтырыңыз. Байқау комиссиясы әр өтінішті қарайды.
Іріктелген қатысушылардың ұшып келу-кету, жатын орын шығынын ұйымдастырушылар өтейді.

Іріктеу қорытындысы қашан шығады?

2021 жылғы 19 наурыз, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін өтініштер қабылданады. Іріктеу комиссиясы өтініштерді қарап, 2021 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей шешім қабылдап, хабардар етеді.

Қатысушыларды қалай іріктейді?

Барлық өтініш мұхият қаралады. Қатысушыларды журналистік зерттеу жанрындағы жұмыс тәжірибесі, БАҚ бетінде және әлеуметтік желілерде жаияланған материалдарына, алдағы зерттеу тақырыптарына, оқуға ынта-ықыласына қарап, таңдайды.

Іріктеуден кейін не болады?

Іріктелген қатысушылар Алматы қаласында өтетін Зерттеу журналистикасы мектебіне шақырылады. Қызық тақырып ұсынған авторлардың зерттеу жүргізуіне менторлық қолдау көрсетіледі.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи