БайқауларMediaCAMP Award 2022 журналистика байқауына өтініш қабылдау басталды

MediaCAMP Award 2022 журналистика байқауына өтініш қабылдау басталды

МАҢЫЗДЫ ХАБАР! ДЕДЛАЙН 8 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ.

Медиа аудиторияға жұмыс істейді, әйтсе де әріптестердің құрметі мен ықыласы маңызды. Кәсіби байқаулар бәсекені дамытып, жұмысымызға деген жаңаша көзқарас қалыптастырады, түптеп келгенде — журналист жұмысының сапасын көтереді.

Былтыр небір керемет мақала жазып, қызық репортаж түсіріп, маңызды зерттеу  жүргізген шығарсыз. Жариялаған жұмыстарыңызды шолып, мұрағатыңызды ақтарып, Орталық Азия тұрғындары білуі тиіс материалдарыңызды бөлісіңіз.

Біз, Internews командасы Орталық Азия журналистері арасында IV рет өтетін MediaCAMP Award 2022 байқауына өтініш қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.

Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстандағы тәуелсіз не мемлекеттік медиада жарияланған материалдар қабылданады. Редакция атынан да, егер қоғамдық маңызы бар контент жасаушы автор не журналист, фотограф, видеограф болсаңыз, онда жеке өз атыңыздан да өтініш жолдауыңызға болады. Редакцияда жұмыс істейтін не штаттан тыс жұмыс істейтін қызметкерлер де қатыса алады.

Байқауға Орталық Азия елдеріндегі тәуелсіз не мемлекеттік медиада 2021 жылғы 1 маусым мен 2022 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған кез келген формат пен жанрдағы (қазақ, қырғыз, тәжік, түркімен, өзбек және орыс тілдерінде) материалдар қабылданады.

Ұялмаңыз! Қорықпаңыз! Материалдарыңызды жұрт назарына ұсыныңыз.

Үздік материалыңызды және қатысатын номинацияны асықпай таңдаңыз, бірақ созып жүріп алмаңыз, өйткені өтініш қабылдау 2022 жылғы 8 шілдеде аяқталады.

Барлық номинацияға өтініш қабылдау сол күні сағат 23:59-де жабылады.

Өтініш жолдамас бұрын байқау шарттарын мұқият оқыңыз. Лайық номинацияны дұрыс таңдаңыз. Егер номинацияны дұрыс таңдамасаңыз, өтінішіңізді қарастыра алмаймыз, басқа номинацияға да ауыстыра алмаймыз. MediaCAMP Award байқауының тағы басқа ережелері бар: мәселен, байқауға шетелдік қаржы көзі бар ұйымдар, мемлекет аумағынан тыс жерде тіркелген медиа ұйым қатыса алмайды. Шетелдік медиаға қандай медиа жатады? MediaCAMP Award байқауының ережесін оқып, танысыңыз.

*MediaCAMP Award байқауы жөнінде жиі қойылатын сұрақтарға жауап видео 2021 жылы түсірілген. «Жыл тақырыбы» номинациясы өзгерді.

Байқауға қатысу үшін:

  • байқау шартымен танысыңыз,
  • материалыңызды таңдаңыз,
  • номинация таңдаңыз;
  • байқауға ұсынатын әрбір материал бойынша бөлек өтінішті толтырыңыз (әр номинацияның сілтемесі төменде берілген),
  • материалыңызды байқауда қолдануға рұқсат беретін хатқа қол қойып, сканерлеп тіркеңіз. Келісім хатсыз өтініш қабылданбайды. Хат үлгісін жүктеп алыңыз.

Материалдар төмендегі аталымдар бойынша бағаланады:

*Видеонұсқаулық 2021 жылы түсірілген.

Байқау финалистері екі жылдан кейін алғаш рет қыркүйекте офлайн өтетін Орталық Азиядағы MediaCAMP Fest фестиваліне шақырылады.

Былтырғы байқау қалай өткенін білгіңіз келсе, сілтемені ашыңыз, ал MediaCAMP Award 2020 жеңімпаздары кім болғанын білу үшін мына сілтемеге өтіңіз, MediaCAMP Award 2019 жеңімпаздары мұнда жарияланған.

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org электронды поштасына (тақырыбын «MediaCAMP Award 2022 байқауы бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз) не +7 771 701 38 38 (Telegram, WhatsApp) нөміріне хат жазыңыз.

Бұл байқау америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Internews мазмұнына жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи