БайқауларҚазақстан мен Тәжікстандағы медианың азаматтық журналистер желісін құруына Internews-тің грант байқауы 

Қазақстан мен Тәжікстандағы медианың азаматтық журналистер желісін құруына Internews-тің грант байқауы 

Internews ұйымы Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құрғысы келетін редакцияларға арнап байқау жариялады. 

Жоба қатысушыларына арналған қолдау түрлері: 

  • Редакциядағы азаматтық журналистер желісінің үйлестірушісін қаржылай қолдау. 
  • Бастапқы кезеңде азаматтық журналистердің қаламақысын төлеуге грант.
  • Жаңадан құрылған азаматтық журналистер желісінің  үйлестірушілеріне қашықтан тәлімгерлік ету. 
  • Азаматтық журналистерді қашықтан оқыту. 

 Азаматтық журналистер мен жоба жетекшілері күнделікті онлайн-жиналыстарға, әріптестермен бейресми кездесулерге, жетекші халықаралық медиаплатформалардың (Globalvoices.org, ijnet.org және т.с.с.) шеберлік сабақтарына қатысады. 

«Азаматтық журналистер» жобасы басталғалы 4 жылдың жүзі болды. Осы аралықта екі елден 25 медиа Internews серіктесіне айналды. Қазақстан мен Тәжікстанның ең шалғай елдімекендерінде тұратын 200-ден астам журналист кемі 1200 материал дайындады. Олардың көбі аймақтағы қауымдастықтардың өмір сүру жағдайын өзгертуге елеулі ықпал етті.

Жоба серіктестері қалай жұмыс істейтінін толығырақ танып-білу үшін сайтымызда жарияланған мына мақаланы және мына бір мақаланы оқуға болады. 

Internews 2022-2023 жылдары барлығы 6 редакцияға (Қазақстаннан – 3, Тәжікстаннан – 3) қолдау көрсетеді: 

Қалай өтініш береді?

  1.   Негіздеме хат жазып, хатта «Сіздің медиа “Азаматтық журналистер” жобасына не үшін қатысуы керек» деген сауалға жауап беріңіз.
  1.   2022 жылғы 7 қараша, Астана уақытымен сағат 23:59-ға дейін онлайн-өтінішті толтырыңыз. 

Назар аударыңыз! Өтініш жіберу үшін платформаға тіркеліңіз. Тіркелу тәртібі қарапайым.

Тіркелу формасын толтырғанда және байланыс мәліметтеріңізді жазғанда өте мұқият болыңыз. Жеңімпаздарды іріктеу процессі жөніндегі барлық хабарландыру сіз көрсеткен email поштаңызға автоматты түрде жіберіледі.

Егер Қазақстаннан қатыссаңыз, онда KZ проект «Гражданские журналисты» деген бөлімді таңдауыңыз керек. Ал Тәжікстанда тұрсаңыз, онда TJ Проект «Гражданские журналисты» бөлімін таңдаңыз.

Осы платформа жұмысы бойынша қандай да бір сұрақ туындаса, Internews сарапшыларына хат жазып, хабарласыңыз:

Internews 2022 жылғы 14 қарашадан кешіктірмей шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы хабарламаны 2022 жылғы 19 қарашаға дейін өтініш берушілердің электронды поштасына жолдайды.

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға хат жазыңыз:

Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи