15 қазақстандық журналист V аймақтық MediaCAMP Award 2023 байқауының финалисі атанды. Енді олар Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Өзбекстаннан қатысып жатқан әріптестерімен ақтық кезеңде бәсекеге түседі. Финалистердің жұмысын Аймақтық кезеңдегі қазылар алқасы бағалайды. Алқа құрамына әр елден кәсіби және тәуелсіз медиасарапшылар енді.
Орталық Азия журналистеріне арналған байқаудың жеңімпаздарын жазда Алматыда өтетін MediaCAMP Fest фестивалінде жариялайды.
Биыл байқаудың негізгі номинацияларына Қазақстанның түрлі өңірінен 204 жұмыс келіп түсті. Ұлттық іріктеу комиссиясы 5 номинация бойынша 15 үздік жұмысты таңдап алды:
«Жастар уақыты» номинациясы:
- Александра Аканаеваның иесіз жануарларға арналған панажайлар туралы «Мы основали приют для животных» деген мақаласы (The Village);
- Абзал Бектұрған пен Алмабек Ибрайымовтың «Tenge Check» жобасы аясында жасаған материалы (YouTube-тағы «Бірге айтайық» арнасы)
- Никита Шамсутдиновтің ЛХР жікшіл аймағында тұратын студент туралы мақаласы (Masa Media).
«Уақыт тынысы» номинациясы:
- Данияр Молдабековтің «мемлекет сананы жаңғыртамыз деп, қалай ғана жемқорлықты культивациялағаны туралы» хикаясы (The Village);
- Анна Яломенконың Қазақстан әскері қаншалықты тиімді екенін талдайтын видеосы (YouTube-тағы AIRAN арнасы);
- Ольга Лихограйдың «Роскошь есть, прозрачности не надо?» деген мақаласы («Наша газета»).
«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы:
- Жанат Тукпиевтің «У войны не женское лицо» деген мақаласы (материал «Литер» газетінің баспа нұсқасында жарияланған);
- Ирина Кузнецованың «Как побеждать в теннисе, сидя в инвалидной коляске» деген хикаясы (Уk-news.kz);
- Дінмұхамед Қалықұловтың «Симптомы и признаки аутизма. Аутизм в Казахстане. Почему особенных детей становится больше?» деген видеорепортажы (YouTube-тағы AIRAN арнасы).
«Жасампаздар уақыты» номинациясы:
- Жамал Габдуллинаның опера әншісі Зарина Алтынбаева туралы видеорепортажы («31 арна»);
- Евгения Вологодскаяның ғалымдар бүркіттерге арналған GPS-таратқыш алуға неліктен қаражат жинап жатқанын баяндаған хикая (Zakon.kz);
- Асхат Нұртазинның Қостанай облысында жас отбасы гидропоника әдісімен малға жем дайындайтыны туралы деген материалы («Наш Костанай» газеті).
«Жыл тақырыбы. Уақыт пен ақша» номинациясы:
- Артур Жұмабаев, Оксана Ставнийчук, Әруар Нұртазиннің «Рикошет: как санкции против России привели к росту цен в Казахстане» деген мақаласы (Аktobetimes.kz)
- Роза Сатқанованың елес ауылдар туралы видеоматериалы («Хабар» ТК) ;
- Ардак Букеева мен Лаура Сүлейменованың «Как казахстанский экспорт нефти оказался в одной корзине» деген мақаласы (Forbes.kz).
Биыл финалистер қатарында өңірлік журналистер көп екені қуантты. Орал, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе мен Өскемендегі медиаресурстардың өкілдері бар. Байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы журналистік материалдардың сапасы да айтарлықтай өскенін айтады. Байқауға ұсынған материалдар қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық мәселесін тереңірек қозғап, авторлардың тапқан кейіпкері қызық әрі есте қаларлықтай болды.
Биыл алғаш рет Манана Асламазян атындағы сыйлық беріледі (белгілі медиасарапшы, ТЭФИ сыйлығының екі дүркін лауреаты, Ресей телевизиясына қосқан үлесі үшін марапатталған медиамаман, Internews-тің стратегиялық даму жөніндегі сарапшысы, MediaCAMP Award аймақтық байқауының тұрақты төрағасы болған Манана Асламазян 2022 жылғы 31 тамызда Ереванда қаза тапты). Манана Асламазян атындағы сыйлық – фестивальдің Гран-при сыйлығы. Манананың достары – халықаралық сарапшылар мен кәсіби медиамамандардан арнайы құралған қазылар алқасы “ең үздік” деп таныған материалды дайындаған журналист Гран-приді алады.
Қазақстаннан байқаудың аймақтық кезеңіне финалистерді құттықтаймыз. MediaCAMP Fest фестиваліне қатысуға шақыру үшін бәріне хабарласамыз.
Internews өкілдігі финалға өтпеген авторларға журналистикаға адалдық танытып, мықты материал дайындап және уақыт қиып байқауға үшін алғыс білдіреді.
Алдағы жазда өтетінMediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалінде жүздескенше!
Бұл байқау америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болды және USAID-тің қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.