ОқиғаларRising Stars бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі медиатренерлер легін көбейту

Rising Stars бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі медиатренерлер легін көбейту

Қазақстандағы Internews өкілдігі «Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету (CAIIA)» жобасы аясында медиатренерлер дайындау бағытын қолға алды. Бұл Rising Stars деп аталатын жобаның негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі медиатренерлер легін көбейту боп отыр. Rising Stars-тың алғашқы қарлығаштары Шакира Ахметова мен Жәнібек Әмре тыңдаушыдан тренерге қалай айналғанын, медиатренер ретінде бірінші тәжірибесі қалай болғанын айтып берді.

Rising Stars жобасына қатысатын үміткерлерді әуелі іріктеуден өткізді. Бірінші лекте барлығы 6 үміткер таңдалды. 

Жас медиатренерлер алғашқы тренингін өткізбес бұрын кәсіби тренингтерге бақылаушы боп қатысты. Бұл олардың тренинг ұйымдастыру, медиатренердің бағдарламасын дайындау, мақсаты мен міндеттерін практикалық тұрғыдан түсінуіне, соны тереңірек танып-білуіне көмектесті. Жоба жетекшілері оларға кеңес беріп, медиатренерлерге қажет кәсіби машығын дамытып, оларға медиатренердің жауапкершілігін түсіндірді. 

Осылайша, Rising Stars жобасының екі қатысушысы Шакира Ахметова мен Жәнібек Әмре 25-28 маусым күндері Шымкент пен Түркістан қалаларында өткен жазғы мектепте алғаш рет медиатренер болды. 

SDU университетінің 4-курс студенті Шакира Ахметова екі тақырыпта тренинг өтті. Бірінші тақырыбын гендерлік стереотиптердің жалпы қоғамға әсеріне, ал екіншісін – медианың сезімтал болуы журналистер үшін қаншалықты маңызды екеніне арнады. 

Бұған дейін Шакира көптеген форумға қатысқан, бірақ дәріс пен тренингтің айырмасын жете білмеген. Ол Rising Stars жобасына келіп, тренингтің жоспарын құруды, адамдар арасында талқы алаңын ұйымдастыруды үйренді.

– Жас медиатренер болған соң тренингке қатысқан жасы үлкен адамдар мені қабылдамайды деген ой болды. Жастар жағы пікір айтып,  ойларын ашық жеткізіп отырды, – дейді Шакира.

Шакираның екінші тренингі медиаэтика тақырыбына арналған соң аудиториясы да нақты болды.

– Телеарна журналистеріне сюжетте ұшырасатын қателерді, дилемма мен этикаға қайшы әрекеттерді дұрыстауына көмектестім, – дейді Шакира.

Яғни, журналист сюжет түсірмес бұрын, кейіпкердің хал-ахуалын, оның сюжет жарияланғаннна кейін жағдайы қалай болатынын ойлауы керек. Көптеген шешімді таразылап, не пайдалы, не зиянр екеніне назар аударып, “зияныңды тигізбе” принципін орындау туралы айттым. 

Ол осы жобадан кейін тренинг тренердің субъективті пікір айтатын емес, керісінше адамдар субъективті пікірін айтып, жеткізуіне бағытталған орын екенін түсінгенін жеткізді. 

Rising Stars бағдарламасына қатысушы — медиатренер Жәнібек Әмре

Ал Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дің биылғы түлегі Жәнібек Әмре де алғашқы тренингін өткізді. Ол тренингтен кейін жаңа қабілеттері ашылып, өзіне деген сенімділік пайда болып, түрлі қораштану сезімдерінен арылғанын айтты. 

– Тренинг құрылымын жасау, адамдармен қалай байланыс орнату керек екенін біліп алдым. Мен осы тренинг барысында аудиториямен жақсы жұмыс істей алатынымды сезініп, соны түсіндім. Бұған дейін жұрт алдында көп сөйлей бермейтінмін. Осы тренинг арқылы мұндай машықтың да тәжірибе арқылы келетінін білдім, – деді Жәнібек Әмре. Тренинг жүргізгеннен кейін Жәнібек жаңа қабілеттерін ашып, түрлі комплекстардан құтылғанын айтады.

Бұл Rising Stars жобасы Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берген көмегінің арқасында мүмкін болды және USAID-тің қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын «Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету (CAIIA)» бағдарламасы аясында жүргізілді. Оның мазмұнына Internews ұйымы жауапты және ол USAID-тің не АҚШ Үкіметінің ұстанымын білдірмеуі мүмкін. 

USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және дамыту саласында нәтижелерге жетудің катализаторы. 

Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia 

Бұл мақаланы SDU-дің «Журналистика» мамандығының
2-курс студенті Бекарыс Сейдахметов дайындады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи