Қазақстан тұрғындары арасында медиасауат пен сыни тұрғыдан ойлау машықтарын арттыруды көздейтін ең креатив, ең инновациялық және қамтушы жоба CARAVAN жобасы аясында қолдауға ие болады.
Медисауат пен сыни тұрғыдан ойлау жөніндегі ақпараттық кампания аудиторияға жаңалықтарды жақсырақ түсінуді, объектив фактілерді жалған ойдан ажырата алуды, «дұрыс» / «бұрыс» уәждерді сараптай алуды, сондай-ақ оқиғалардан берілген ақпарат пен пропаганданың ара-жігін ажыратуды үйренуге көмектесе алатын болуы керек. Сондай-ақ кампания дезинформация қалай жүретінін түсінуге, фейк жаңалықтарды, бұрмаланған фактілер мен жалған ақпаратты тани алуға көмектесуге, дұрыс сұрақ қоюды үйретуге, эмоцияға толы уәждерді фактілерден ажырата алып, ақпаратты объектив тұрғыдан бағалауды үйретуге тиіс.
Өтінім берушілер аймақтағы ынтымақтастық мүмкіндігін алдын ала қарастырып, ұсынылатын бюджет шегінде, қазылар алқасы мен эксперттердің ұсыныстарына қарай өтініміне өзгеріс енгізуге дайын болуы керек. Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан жеңіп шыққан жобалар аймақтағы онлайн және/немесе офлайн шараларға бірігеді (жобаны іске асыру уақытында бір ортақ айдентикамен үшеуден артық емес ортақ іс-шара өтеді).
CARAVAN деген не?
2024 жылғы 1 сәуірден бастап Internews Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Орталық Азия елдерінде «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» жобасын бастаған. Жоба аймақтағы медиасауат пен сыни ойлауды дамыту бағытында жұмыс істеп жүрген серіктестер арасында ұзақмерзімді және сенімді қарым-қатынас орнатып, сол арқылы Орталық Азия тұрғындарына ақпараттық күн тәртібін жақсырақ танып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз бетімен шешім қабылдай алуға көмектесуді көздейді.
Жоба үш нәтижені көздейді:
- Орталық Азияда ақпараттық манипуляцияға, дезинформация мен ғадауат тіліне қарсы қоятын контенттің саны мен сапасын жақсарту.
- Аудитория сырттан араласу мен дезинформацияға төзімдірек бола түсетінде ұлттық медиакеңістіктердің дамуына қолдау көрсету.
- Орталық Азия елдерінде және одан тыс жерлердегі медиа арасында аймақтағы ынтымақтастықты күшейту.
Ақпараттық кампанияның мақсаты мен міндеті:
Біз түрлі формалар / форматтар көмегімен:
- Жергілікті халық арасында цифрлық машықтар мен сыни тұрғыдан ойлау машықтарын, соның ішінде фейк ақпаратты, дезинформацияны, пропаганданы, ғадауат тілі мен желідегі агрессияны тану қабілетін жақсарта алатын;
- Жергілікті тұрғындарға манипуляция мен фейкті тану, дүниетанымын кеңейту, контенттің рас-өтірігін бағалау және келіп жатқан ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау жағынан көмектесе алатын;
- Аудиторияға түрлі ақпарат көздеріне түсінікті сараптама жасап беретін, ақпарат көзінің сенімділігін танып, бағалауды үйрете алатын жобалардан өтінімдер алсақ дейміз.
Кім-кім өтінім беруіне болады?
Ел аумағында тіркелген заңды тұлғалар – медиа, азаматтық қоғам ұйымдары, академиялық институттар, кітапханалар, театр топтары, шығармашылық бірлестіктер, инфлюенсерлер, эксперттер, жаңа медиа, сондай-ақ ақпараттық кампания жүргізуде тәжірибесі бар өзге де мемлекеттік емес ұйымдар өтінім бере алады.
Жобаны күшейте алатын түрлі ынтымақтастық шаралары құпталады. Ондай жағдайда өтінім бір ұйым атынан беріліп, өзге серіктестер атынан қолдау хат қоса беріледі.
Бюджеті және іске асыру мерзімдері:
Тәуелсіз қазылар алқасы жобаның критерийлеріне барынша сай келетін, жалпы бюджеті 25 мың еуродан аспайтын бір өтінімді таңдап алады. Жобаны іске асыру мерзімі — 8 ай, болжамды басталар уақыты – 1 қазан.
Ақпараттық кампания өткізуге берілетін грант жоба аясында жоспарланған іс-шараларды өткізу, жалақы төлеу, медиаөнім шығару, операциялық шығындар, бағдарламалық жасақтама, құрал-жабдық, іссапар және өзге де, жобаны жүргізуге байланысты шығындарды өтеуге жұмсалады.
Өтінімде контент жасап тарату мен іс-шаралар өткізудің егжей-тегжей құрылған, мерзімі мен арналары көрсетілген жоспары болуға тиіс.
Ақпараттық кампания тілі
Бұл байқауда онлайн/офлайн іс-шараларды мемлекеттік тілде өткізуге, сондай-ақ мемлекеттік тілде контент жасауға басымдық беріледі. Контентті өзге тілдерге бейімдеу құпталады.
Кампанияның кей бөліктерін өзге де жергілікті тілдерде контент жасап және / немесе құлағы естімейтіндер топтарына арнап ым-ишара тіліне бейімдеу арқылы аз топтардың не осал топтардың тіліне әдейілеп бейімдеуге болады.
Іріктеу шарттары:
- Ақпараттық кампания идеясының бірегейлігі, оригиналдығы және инновациялығы, аудиторияның қатысуына баса назар аудару, сондай-ақ онлайн және офлайн іс-шаралардың болуы артықшылық болып табылады;
- Жобаны іске асыру барысында аймақтағы өзге серіктестермен бірігіп, бір ортақ айдентикасы бар үш бірлескен іс-шара өткізуге дайын болу;
- Ұсынылған байқау тақырыптарына сәйкестік;
- Кең аудиторияның қол жеткізуіне ыңғайлы болу, жасалатын контент пен онлайн/офлайн іс-шаралар аясында аудиторияны барынша қамтуды қамтамасыз ету;
- Осыған ұқсас ақпараттық кампаниялар өткізу тәжірибесі (расталған);
- Жобаны іске асыруға қажет техникалық база болуы;
- Сапалы журналистиканың кәсіби және этика стандарттарын ұстану үрдісі;
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігі болуы.
Байқауда:
- ақпараттық кампания идеясының бірегейлігін, оригиналдығын және инновациялығын көрсете алған;
- өзге елдердергі серіктестермен жұмыс істеуге дайын;
- дезинформацияға қарсы тұру саласында жоба әзірлеп, өткізуде тәжірибесі бар;
- вебинарлар, трениңдер мен менторлық бағдарламалар арқылы оқып-үйренуге, үйренгенін іс жүзінде жұмсауға дайын;
- ақпарат таратудың түрлі форматтары мен арналарын ұсына алатын;
- жергілікті тілдердегі контентті насихаттайтын;
- өтінімде аталған серіктестерінен қолдау хат алып беруге дайын командаларға басымдық беріледі.
Байқауға қалай қатысуға болады?
Байқауға қатысу үшін жобаны сипаттап, бюджетін толтырған өтінімді 2024 жылғы 1 қыркүйек, сағат 23:59 қалдырмай KZ-Info@internews.org поштасына жолдау керек. Хат тақырыбына: «CARAVAN. Ақпараттық кампания өткізу байқауына қатысуға өтінім» деп жазыңыз.
Internews тек толық өтінімдерді қарастырады. Талап етілетін құжаттардың біреуі не бірнешеуі берілмеген жобалар байқаудан бірден шығып қалады.
Өтінім бердіңіз. Ары қарай не істейсіз?
Байқау екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде критерийлерге сәйкестігі жөнінде техникалық іріктеуден өткен финалистер жобасын таныстыруға питчинг-сессияға шақырылады. Екінші кезеңде таныстыру нәтижесіне қарай тәуелсіз қазылар алқасы негізгі және резерв жеңімпазды анықтайды.
Өтінім берушілерге қолдау
Internews 2024 жылғы 16 тамызда маусымда Алматы уақытымен сағат 14:00 (Бішкек уақытымен – 15.00) ақпараттық сессия өткізеді (тіркелуге сілтеме). Оған қоса, Internews финалистерге өтінімін/бюджетін жетілдіру жөнінен кеңес беруге, профиль трениңдер және эксперттермен кездесу өткізуге дайын. Кәсіби консультация алуға өтінім жобаның табысты іске асуына сүйенуге тиіс.
Тағы сұрақтарыңыз бар ма?
Бізге хабарласыңыз! KZ-info@internews.org электрондық поштасына жазған хаттардағы сұрақтарыңызға қуана жауап береміз.