HomeБайқауларSuperOngar: медиасауат дамытуға арналған сериал мен тренингтер
БайқауларSuperOngar: медиасауат дамытуға арналған сериал мен тренингтер

SuperOngar: медиасауат дамытуға арналған сериал мен тренингтер

24 қазанда SuperOngar жобасы басталады. Жоба қатысушылары мен көрермендері сыни пайымын дамытып, жалған мен шындықты бір-бірінен ажырата білуді үйреніп, апта сайын сыйлық ұтып алады.

SuperOngar – 2020 жылы ақпанда өткен Эдьютонда жеңіске жетіп, грант алған жоба. Медиасауат Эдьютонды MediaCAMP бағдарламасы аясында Қазақстандағы Internews өкілдігі өткізді.

SuperOngar дегеніміз:

  • супермедиасауатты адамға айналған Оңғардың өмірі туралы веб-сериал;
  • Аптаның демалыс күндері үздік спикерлер өткізетін вебинарлар;
  • қызықты интерактив қарым-қатынас;
  • жүлделі байқаулар;

Жоба мақсаты – медиамәтінді сыни тұрғыдан бағамдап, қабылдай білетін медиатұтынушыларды дайындау, ойын-сауық контентіне сүйеніп, медиа кеңістікті бағдарлау.

Жобаның басты кейіпкері – Оңғар деген жігіт. Ол медиасауатты болуға әрдайым ұмтылады, алайда бұл талпынысы оңай соқпайды.

Жоба авторлары оқушылар мен студенттерді қызық тренинг-ойынға шақырады. Қатысушылар аптаның әр жексенбісі сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін видеодағы проблемалық жағдайдың медиасауаттылық тұрғысынан шешімін тауып, сыни пайымын дамытады. Орыс тіліндегі тренинг ойындар әр сенбі күні сағат 14:00-ден 17:00 аралығында ұйымдастырылады.

Тренингтер кестесі:

24 және 25 қазан, 2020 жыл. Сыни паайым және фактчекинг негіздері;

31 қазан және 1 қараша, 2020 жыл. Ақпаратты тексеру алгоритмдері мен фотофейктерді анықтау;

7 және 8 қараша, 2020 жыл. Кибербуллинг және видеофейктерді анықтау;

Тренингке қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. Қандай да бір сұрақ туындаса, + 7 707 589 19 55 (Айым Ахметова) нөміріне хабарласыңыз.

Бұл жобаны АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында «Айтмагамбетова» ЖК өткізеді.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img