БайқауларҚазақстан медиасына арналған құқықтық ортаны жақсарту байқауы басталды

Қазақстан медиасына арналған құқықтық ортаны жақсарту байқауы басталды

Internews MediaCAMP бағдарламасы аясында грант байқауын жариялайды.

Біздің, яғни Қазақстандағы Internews өкілдігі және серіктестеріміз, басты міндетіміздің бірі — Қазақстан медиасына қолайлы құқықтық орта құру. Сонда ғана оқырман, көрермен мен тыңдармандар сенетін, қызықты әрі сұранысқа ие контент жасауға болатынына сенеміз.

Қолайлы құқықтық ортаны дамытуды қолдай отырып, пікір білдіру бостандығы, сөз бостандығы және ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғау саласында жұмыс істейтін, кемі 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар қазақстандық қоғамдық ұйымдар арасында грант байқауын жариялаймыз.

Егер ұсыныстарыңыз және тәжірибеңіз болса, байқауға қатысуға шақырамыз.
Серіктеске ұсынамыз:
1. Заңнаманы жетілдіру үшін ұсынымдар мен құқықтық нормаларды Қазақстанның құқықтық ортасына ілгерілете отырып әзірлеу;
2. Медиақұқықтар және оны қолдану мәселелеріне маманданғысы келетін заң факультеттерінің медиазаңгерлерін мен студенттерін оқыту;
3. Журналистерді, журналистика факультеттерінің студенттерін және оқытушыларды медиа-құқық мәселелері бойынша оқыту;
4. Ақпаратқа қол жеткізу және тарату құқығын қорғау саласында журналистер мен БАҚ редакцияларына үнемі консультативтік көмек көрсету;
5. Жобаның қызметі туралы әлеуметтік желілерде хабарлай отырып, БАҚ-та ақпарат кампаниясын жүргізу.

Қалай өтінім беруге болады?

Жобаға өтініш үлгісі мен жоба бюджетін сілтемеден қараңыз.
Толтырылған өтінішті 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін мына эл.поштаға жолдаңыз: kz-info@internews.org

Жеңімпаздарды іріктеу жөніндегі сараптамалық кеңеске медиақұқық саласындағы тәуелсіз қазақстандық және халықаралық мамандар кіреді.

Бағалау критерийлері: жобаға өтініштің жоғарыда жазылған талаптарға сәйкестігі, ұйымда ұқсас жұмыс тәжірибесінің және оқу орындарымен тұрақты іскерлік байланыстардың болуы, жоба шеңберінде оқыту үшін өзекті тақырыптар.

Қажет болған жағдайда, өтініш берушілерден қосымша ақпарат сұратамыз. Өтінімдер рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Барлық сұрақ бойынша мына электронды поштаға хабарласыңыз: kz-info@internews.org.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Ұйым туралы толығырақ ақпарат : Әлемдік Internews, Қазақстандағы Internews.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи