Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздарын іріктеу өтті. Байқауға барлығы 23: Қазақстаннан — 18, Тәжікстаннан — 5 өтініш келіп түсті.
Қазақстан мен Тәжікстан медиасарапшыларынан құрылған халықаралық қазылар алқасы үміткерлерді мына 7 критерий бойынша бағалады:
- медианың тұрақтылығы;
- азаматтық журналистермен жұмыс істеу тәжірибесі;
- сол медиада / сол аймақта компонент мақсаттарына жету тұрғысынан азаматтық журналистер желісін құрудың қажет екенін нақты негіздеу;
- журналистерді оқыту тәжірибесі;
- Internews-тің грант қолдауынсыз тұрақтылыққа жету жоспарының болуы;
- азаматтық журналистерді оқытуға дайын болуы;
- азаматтық журналистерді тарту және іріктеу бойынша нақты стратегиясы;
Жеңімпаздар тізімі:
Қазақстан
- Minber АА
- Петропавловск.news өңірлік сайты
- Қостанай облысындағы «Наша газета» апталығы
- Diapazon.kz
- InAlmaty.kz
- Ұйымдар коалициясы: “Қазақстан жастар ақпарат қызметі” қоғамдық қоры, “Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі, “Семей айнасы” ақпарат агенттігінің редакциясы
Тәжікстан
- Тәжікстан журналистік зерттеулер орталығы, «Сугднюс» АА
- «Азия-Плюс» АА
- «Пайванд» ТРК
Жеңімпаздарға жоба аясында мынадай қолдау көрсетіледі:
- азаматтық журналистер желісі үйлестірушісін қаржылай қолдау;
- бастапқы кезеңде желі қатысушыларының гонорарын төлеуге грант;
- құрылған желі үйлестірушілеріне қашықтан тәлім беру;
Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз:
Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org
Грант туралы сұрақ-жауапты мына парақтан табасыз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.