БайқауларMediaCAMP Award Орталық Азияның үздік журналистерін анықтайды

MediaCAMP Award Орталық Азияның үздік журналистерін анықтайды

Internews ұйымы Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Орталық Азия елдері журналистерінің арасында алғаш рет MediaCAMP Award байқауына өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды. Байқауға 2018 жылдың 1 тамызынан 2019 жылдың 31 шілдесі аралығында Қазақстан медиасында жарияланған кез-келген формат пен жанрдағы (онлайн, принт, радио, ТВ) материалдар қабылданады.

Байқаудың мақсаты – қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен құбылыстарды жазып жүрген Орталық Азиядағы дарынды журналистерді және тәуелсіз контент жасаушыларды ынталандыру. Байқау аймақтағы медиа саласын дамытуға атсалысып, қоғамның барлық өкілінің сапалы ақпаратқа қол жеткізуіне септеседі.

Байқауға аймақта тіркелген медиакомпанияларда штатты немесе штатсыз түрде жұмыс істейтін кез-келген журналист, тәуелсіз контент жасаушылар, шығармашылық топтар қатыса алады. Байқауға шетелден қаржыландырылатын немесе қатысушы-мемлекет аумағынан тыс жерде тіркелген БАҚ қатыса алмайды.

Байқауға өтінішті материал авторы немесе байқауға қатысушы медиамекеме бере алады. Материалдар қазақ, орыс және басқа тілдерде қабылданады. Байқауға қатысу үшін өтінішті толтырып, келісім хатты (Редакция жетекшісінің келісім хат үлгісі, жеке автор хатының үлгісі) тіркеу қажет.

Өтініш қабылдаудың соңғы күні – 10 тамыз, 2019 жыл. Қазылар алқасы бағалайтын номинациялар:

  • «Үкімет және қоғам»,
  • «Шекарасы жоқ ұрпақ – Мүмкіндіктер уақыты»,
  • «Жәрдемдесер уақыт»,
  • «Ерлер ел ішінде»,
  • «Объектив» (арнайы номинация)

Номинациялар және байқаудың өту тәртібі туралы толығырақ ережеде жазылған.

Іріктеу комитеті Қазақстанды қосқанда әр қатысушы елдегі ең үздік жұмыстарды анықтайды. Барлық финалистер марапаттау рәсіміне шақырылады. Бұл шара Душанбеде болатын Орталық Азияның медиафестивалі аясында (2019 жылдың 19-21 қырқүйегі аралығында) өтеді. Сонда байқау жеңімпаздарын марапаттайды. Жеңімпаздарды арнайы құрылған халықаралық қазылар алқасы анықтайды.

Қосымша сұрақтар туындаса, Қазақстанда: жергілікті бизнес-медиаконсультант Зарина Ахматоваға – Zakhmatova@internews.org және жергілікті медиаконсультант Асхат Еркімбайға – ayerkimbay@internews.org хабарласуға болады. 

Жоба АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бағдарлама туралы мына бөлімде, ал Қазақстандағы Internews жайында мұнда жазылған.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи