Қазақстандағы Internews өкілдігі Сторителлинг мектебінің жұмысын үйлестіретін мамандар іздеп отырғанын хабарлайды.
Қазақстандағы Internews өкілдігі қазақ тілінде өтетін Сторителлинг мектебінің бағдарлама-координатор және логист-координатор позицияларына байқау жариялайды.
Онлайн мектеп 2020 жылдың тамыз айында өтеді. Мамандар бір айлық келісімшарт негізінде жұмыс істейді. Жұмыс уақыты алдын ала келісіліп, айлық төленеді.
МАМАНҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Бағдарлама координаторы: Онлайн-мектеп бағдарламасын жетілдіру
- Дайын видео сабақтың үй тапсырмаларын, кейстерін, сынақтарын дайындау;
- 25 видео сабақты қосымша өңдеу үшін жоспар жасау;
- Сабақ видеоларының монтажын және жаңартылғанын қадағалау;
- Жаңартылған бағдарламаның мәтін нұсқасын дайындау;
Логист-координатор: Онлайн-мектепті ұйымдастыру.
- Онлайн мектепке қатысушыларды қабылдау және іріктеу үшін байқау ұйымдастыру;
- Бір апталық курс сабақтарын ұйымдастыру;
- Қатысушыларды және олардың менторлармен байланысын қадағалау;
- Курстың өтуін (ZOOM) ұйымдастыру және қатысушылардың қатысуын қадағалау;
- Қатысушылардың пікірін жинап, шара жайлы есеп дайындау;
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:
- Журналистика немесе гуманитарлық бағытта жоғарғы білім дипломы, сонымен қатар медиа білім беру саласында, тренерлік және менторлық тәжірибесі болуы шарт;
- Медиа білім беру саласы бойынша тәжірибесі кемінде 5 жыл болу керек;
- Мультимедиа және жұмысты жоспарлайтын сервистермен жұмыс істей алу;
- Қазақша және орысша білу;
Түйіндемеңізді «Сторителлинг мектебіне үйлестіруші» деген тақырыппен kz-info@internews.org э-поштасына 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін жіберуіңізді сұраймыз
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады. Ұйым жайлы толығырақ: Қазақстандағы Internews өкілдігі.