Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздарын іріктеу өтті. Байқауға барлығы 23: Қазақстаннан – 18, Тәжікстаннан – 5 өтініш келіп түсті.
Қазақстан мен Тәжікстан медиасарапшыларынан құрылған халықаралық қазылар алқасы үміткерлерді мына жеті критерий бойынша бағалады:
- медианың орнықтылығы;
- азаматтық журналистермен жұмыс тәжірибесі;
- осы медиада / осы аймақта компонент мақсаттарына жету тұрғысынан азаматтық журналистер желісін құру қажеттілігін нақты негіздеу;
- журналистерді даярлау тәжірибесі;
- Internews-тің грант қолдауынан тыс орнықтылыққа қол жеткізу жоспарының болуы;
- азаматтық журналистерді даярлай алуы;
- азаматтық журналистерді іріктеу, жұмысқа тарту бойынша нақты стратегиясы;
Жеңімпаздар тізімі:
Қазақстан
- Minber АА
- Петропавловск.news өңірлік сайты
- Қостанай облысындағы «Наша газета» апталығы
- Diapazon.kz
- InAlmaty.kz
- Ұйымдар коалициясы: “Қазақстан жастар ақпарат қызметі” қоғамдық қоры, “Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі, “Семей айнасы” ақпарат агенттігінің редакциясы
Тәжікстан
- Тәжікстан журналистік зерттеулер орталығы, «Сугднюс» АА
- «Азия-Плюс» АА
- «Пайванд» ТРК
Жеңімпаздарға мынадай қолдау көрсетіледі:
- азаматтық журналистер желісі үйлестірушісін қаржылау қолдау;
- бастапқы кезеңде желі қатысушыларының қаламақысын төлеуге грант;
- құрылған желі үйлестірушілеріне қашықтан тәлімгер болу;
Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз:
Қазақстан: [email protected]
Тәжікстан: [email protected]
Грант туралы сұрақ-жауапты мына парақтан табасыз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.